Дүйсенбі, 29 Мамыр 2023 19:51

ШЫМКЕНТТЕГІ 23 БАЛАБАҚША СЫНҒА ТҮСКЕН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

« 1 –Маусым Балаларды қорғау» күніне орай “Айгөлек” балалар шығармашылық байқауы қорытындыланды. 

Шымкент қаласы білім басқарамасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес және «1 –Маусым Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай мектеп жасына дейнгі жастағы балалардың рухани –адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі өнерлі, талантты балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында қала көлемінде меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндерімен ұйымдастырылған « Айгөлек» балалар шығармашылық байқауының қалалық кезеңінің қортыныдысы бойынша өз өнерлерімен сахна төрінде 23 мектепке дейінгі ұйым өнерлерін көрсетіп, жиналған көреременге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Байқауды қорытындылай келе «Айгөлек» шығармашылық балалар байқауының жүлделі орынға №56 «Тұлпар» және ЖШС «Айжарық –Аяулым» бөбекжай -бақшалары иемденді.

Үздік өнерлерімен №68 «Балауса», №31 «Салтанат», №61 «Нұртас», №95 «Алтын дән», №44 «Жанар», №36 «Ерке-Наз», №74 Айдана», №98 «Мерей» бөбекжай - бақшалары I- орынға ие болып, көрермендерді қуантты.

Өнерге деген құштарлықтары мен сахна жұлдыздары бола білген №73 «Айжан», №126 «Шұғыла», №35 «Сәуле», №97 «Ақмарал, № 46 «Ақбөпе» , №13 «Ертөстік», ЖШС «Армантай», ЖШС « Балбота» бөбекжай - бақшалары II – орынға ие болды.

Мың бұралған әнші,биші бүлдіршіндеріміз №118 «Әсел», №34 «Ақжелкен», №26 «Самұрық», ЖШС «Ай-бике», «Бақ –Нұр Ел» бөбекжай - бақшалары III –орынға ие болды.

Ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауының басты мақсаты еді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қатысушылар: Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, педагогтар, ата-аналар. 

Оқылды 188 рет