Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024 10:27

Түркістан: мектеп кітапханашылары тәжірибе алмасты

Түркістан қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында мектеп кітапханашыларына арналған «Кітапхана іс-құжаттары» тақырыбында жас мамандарға шебер сынып ұйымдастырылды.

Шараның негізгі бөлігінде қалалық білім бөлімінің кітапхана қоры әдіскері Ж.Абдухаликова кітапхана саласына келген жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау, өнімді әрі сапалы жұмыс істеуге көмектесу, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатында жас мамандарға «Мектеп кітапханасының кітапхана ішіндегі негізгі құжаттамасы» тақырыбында баяндама жасады.

Тәжірибелі кітапхана мамандары А.Джайықбаева «Мектеп кітапханасының құжаттары», Х.Садыкова «Жиынтық есеп кітабының электронды форматы», А.Абласова «Оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру», А.Қамбарова «Жалпы білім беретін мекемелер кітапханаларға арналған кітапханалық- библиографиялық жіктеуінің негізгі бөліністері» тақырыптарында кітапхана саласындағы стандартталған жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Қазіргі таңда елімізде еңбекші адамға құрметпен қарап оларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатады. «Еңбек түбі - береке», - деп қазақ халқы бекерге айтпаған ғой. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Біздің мемлекетімізде көптеген кәсіби мамандықтар күндері аталып өтіледі. Мен осы кәсіби мамандықтар күніне орай, өз мамандығым жайлы айтқым келеді.

«Жақсы кітап – жан азығы». Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез-келген елдің мәдениетінің ең бастысы – кітапхана. Кітапхана-ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байтақ пен біліктіліктің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.

Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы мен үшін өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. «Мен кітапхананы ақыл - білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын», - деп жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев айтқандай, біздің кітапханашылар кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. Кітапханадағы көпшілік жұмыстардан қызметкер ретінде маған ұнайтыны, жастардың қарым-қатынасын қалыптастыратын, олардың пікір алмасу арқылы ойларын өрістететін ортаның-әдеби клубтардың жұмысы. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралардың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде-кем. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.

Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек.

Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Өмірде өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығын өмір бойы сүйіп өтетін жандар болады. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.

Кітап оқитын ұлттың руханияты да, мәдениеті мен әдебиеті де берік болары сөзсіз. Адамзатты игілікке бас­тайтын, ақыл-ойдың тамыршысы кітапқа деген қоғамның құрметі де әрқашан биік болмақ. Осы ретте рухани ордаға баланған кітапханалар мен олардың шырақшысына ай­нал­ған кітапханашылардың рөлі басым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына, заманауи сапасына, ақылды ұлт қалыптастыру жолындағы жоспарына ерекше маңыз қойып, тоқталып отыр.

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұлттық құрылтайының екінші отырысында Мемлекет басшысы: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел ғана ақылды ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа деген құштарлығын оятуымыз керек», деп атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздерге үлкен үміт артып, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеп отырған кітапханалар мен кітапханашылардың жағдайына ерекше назар аударады.

Елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді, олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар, кітап қоры 328 миллион данадан асты. Кітап­хана қызметтерін пайдаланушылар саны 9,5 миллионға жетті және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Әрине, барлық жетістікке кітапханашылардың кәсіби еңбегі мен ағартушылық рөлінің арқасында жеттік деп айтуға болады.

Қасиетті кітаптарымызды олардың ішіндегі алтынға да айырбастауға келмейтін қазыналарымызды көздерінің қарашынғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі орасан зор. Абыройлы мамандықтың қиындығы мен қызығын арқалап жүрген мамандық иелерінің  болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі ұшаң теңіз. 

Кітап. Кітапхана. Кітапханашы!  Үш ақ ауыз сөз болғанмен мағынасы тым тереңде. Бірі-бірінсіз толыққанды бола алмайтын рухани ошақ. Бір-бірін жалғастырып тұрған оларсыз қоғамды  елестету мүмкін емес киелі ұғымдар. Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы Кітапханашылар. Бұл қарапайым мамандық болып көрінгенімен, бүгінгі заман талабына жүгінсек, ол мамандық қандай жұмыс түрлері болмасын өздерінің кәсіби шеберліктерімен заман талабына сай әдебиеттерді насихаттау, ұрпақтарға жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші қоғамның белсенді мүшесі екендігін дәлелдеп келеді. Жалпы кітапхана – басқа әлемге апаратын жол. Ол басқа әлем бір сәт күйбең тіршіліктен алшақтататын әлем. Әр оқырман мұнда өз әлемін табады. Сол әлемде айналасындағы рухани байлық азығына тәнті болып саналы ұрпақтың  легінің қалыптасуына мүмкіндік сыйлайды. Бүгінгідей ақпараттық технологиясы қарқынды дамыған заманда кітапхананың, электронды кітапханамен иық тірестіріп те келе жатыр. 

Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы деген ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада кітапты қолға береді деген тар ұғым орнына, қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындататын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру керек  сыңайлы. Кітаптың құдіреттілігін терең түсіне білген жан ғана осы рухани ордада қызмет атқара алады. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта ықыласын көтеру осындай жұмыстарды атқару кітапханашының басты міндеті. 

Кітап – қазына болса, кітапхана – қазына ордасы. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Кітапта ата-бабадан жалғасып келе жатқан қаншама тарих, ғалымдар қалдырған еңбектер мен ақын-жазушылардан қалған сөз маржандары тізіліп тұр. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін, ешкім жоққа шығара алмайды. 

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев. Бұл сөздермен кітапхананың адам өмірдегі орнын дәл айқындап бергендей.«Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біздің күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын.

Кітап. Кітапхана. Кітапханашы! Бұл — бірі-бірінсіз толыққанды бола алмайтын рухани ошақ. Бір-бірін жалғастырып тұрған оларсыз қоғамды елестету мүмкін емес киелі ұғымдар. Әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы- Кітапханашылар. Кітапханашы қарапайым мамандық болып көрінгенімен, бүгінгі заман талабына жүгінсек, ол мамандық қандай жұмыс түрлері болмасын өздерінің кәсіби шеберліктерімен заман талабына сай әдебиеттерді насихаттау, ұрпақтарға жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші қоғамның белсенді мүшесі екендігін дәлелдеп келеді.

Сондықтан, заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы деген ұғым жоғары болуы тиіс. Кітаптың құдіреттілігін терең түсіне білген жан ғана осы рухани ордада қызмет атқара алады. Олардың жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта ықыласын көтеруде еңбегі ұшан теңіз. Бүгінгі кітапханашы- менеджер, ол-бағдарламашы, ол-психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхан ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсіліг қалыптастырған білікті маман. Сол себепті де қоғамда кітапханашы беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде танылып келеді.

Оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана дейтін болсақ, кітапханашылар бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, оқырмандардың сұранысы мен талаптарына сай барынша толыққанды ақпараттармен қанағаттандырып, оқырмандардың оқуына қажетті жағдай жасап, келешек жас ұрпақтың өз Отанын, туған жерін шексіз сүйетін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан –жақты дамыған, тілі мен дінін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, оқырмандардың тұлға болып қалыптасуына, рухани дамуына өз үлестерін қосуда. Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Өйткені кітапхананың – әлемдік өркениетте алатын орны ерекше деп нық сеніммен айта аламын.

Кітапхана – этика алаңы. Рухани құндылықтарға бай кітапхана өз бағасын жоғалтпаған. Озық технологиялар дамып, қарыштаған кезеңде де өз оқырманымен бағалы. Адамға білім азығын беріп қана қоймай, ішкі мәдениетін байытады. Жан сарайыңды ашып, үнсіздікте кітап оқу арқылы айналаңызда отырған жандарды сыйлауға жетелейді. Кітапты парақтап оқығанға ештеңе жетпейді. Қолыңа кітапты алып қарағаныңның өзіңде көзбен есте сақтауды арттырады. Кітап оқитын жастар жоқ деген сөзге қарсымын. Оған дәлел біздің оқырмандар. Жаңашылдыққа жаны құмартып тұрған кітапханаға келушілерді көргенде жаның жылиды. Кітап – білім бұлағы екенін ұмытпайық. Ол арқылы керек ақпаратты алып қана қоймай, өскелең ұрпаққа насихаттаймыз.

Оқылды 89 рет