Түркістан қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде өткен қалалық семинарда көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдау мен өзара тәжірибе алмасуға бағытталды. Семинардың салтанатты ашылу рәсімінде шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, барлық мектептерден келген көркем еңбек және музыка пәні мұғалімдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Исхаков пен мектеп директоры С.Құрақбаев та осы ойларды айта келе, семинардың мақсаттарын да жеткізді. Өз кезегінде семинар бағдарламасымен таныстырып, педагогтарға сәттілік тіледі.
Семинардың алғашқы сабағын көркем еңбек пәні мұғалімі Динара Бейсенбиева ұсынды. Д.Бейсенбиева «Бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру» тақырыбында сабақ көрсетіп, әріптестерінің алғысын алды. Сонымен қатар, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Көркемәлі Бектұрғанов пен Гаухар Мамырованың «Үстел ойыны. Шығу тарихы», «Бұйымдарды ою-өрнек элементтерімен безендіру» тақырыптарындағы сабақтарына да оң баға берсе, қатысушылар мектеп мұғалімдері Әлия Ихласова, Зилола Нурметова, Ақнұр Момбековалар дайындаған оқушылардың ғылыми жобаларымен танысып, көркем еңбек пәні мұғалімі Аллаберген Омаров дайындаған қолөнер көрмесін тамашалады.
Семинар жұмысы музыка пәні мұғалімдерімен жалғасып, мектептің музыка пәні мұғалімі Азамат Қожабек ұйымдастырған «Тұран таланттары» ән байқауында бас қосты. Байқауға қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, қатысушылар эстрадалық және дәстүрлі ән бағытында өнерлерін көрсетті.
Семинардың қорытынды отырысында мектеп директоры Сұлтан Құрақбаев пен әдіскер Акбар Исхаков семинарды қорытындылап, ұстаздармен пікір алмасты. Өз кезегінде педагогтар өз ойларын ортаға салып, мектеп мұғалімдерінің еңбектерін жоғары бағалады.
Көркем еңбек мұғалімі балаларды оқыту жұмыстарын еңбекке баулу және тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелеріне сәйкес жүргізеді. Білім алушылардың еңбек қабілеттілігі мен дағдыларын, оларды практикада пайдалана алу дайындығын қалыптастырады. Еңбекке баулу жөніндегі жұмыс оқу жоспарлары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Жазғы кезеңде қоғамға пайдалы өнімді еңбек пен оқушылардың еңбек бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, рационалдылық пен өнертапқыштық қызметке деген ынталарын дамытады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құрал-саймандармен, техникалық құралдармен, көрнекілік оқу құралдарымен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, құрылғыларды баптауды және жөндеуді ұйымдастырып, жүзеге асырады. Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.
Көркем еңбек мұғалімі әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.
Көркем еңбек мұғалімінің орташа жалақысы 100 мың теңге шегінде, сондай-ақ еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына байланысты. Біліктілік деңгейін арттыру үшін минималды тәжірибе – 3-5 жыл. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студент педагогиканы, психологияны, жас ерекшелік физиологиясын білуі тиіс, бейнелеу өнері, модельдеу, көркем безендірудің негізгі білім жүйесін меңгеруі тиіс.
Жас маман балалардың кабинетте болған кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік, әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Көркем еңбек мұғалімі танымдық және еңбек қызметінде, қол жабдықтарымен жұмыс барысында моториканы дамытуда және қол қимылдарын үйлестіруде, сондай-ақ түрлі технологиялық операцияларды орындау кезінде қозғалыстардың қажетті дәлдігіне қол жеткізудің қауіпсіз әдістерінің сақталуын бақылауы керек.
Маманның бойында мейірімділік, шыдамдылық, коммуникабельділік, сыпайылық, сезімталдық, әдептілік сияқты белгілі бір мінез-құлық қасиеттері болуы тиіс екендігін атап өткен жөн. Материалды тиімді әрі қызықты жеткізуі үшін мұғалімнің бойында шығармашылық пен ынталандыра алу қабілеті де болу керек.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Көркем еңбек пәні арқылы əлемді эстетикалық жəне рухани түрде меңгеруге жəне тұлғаның өз ойын білдірудің бір тəсілі болып табылады.«Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, əлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті жəне көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем жəне басқа түрлі материалдар, құралдары мен тəсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын жəне көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.
Көркем еңбек – бұл көзбен көретін нысандарға қатысты, яғни «визуалды қарым-қатынас тілі» түсінігін дамытатын бастапқы көру әдісі. Оқушыларға мұның не екені, әртүрлі көркемдік үдерістер арқылы көру элементтерін дамыта отырып, оны қалай қолдануға болатыны туралы мәліметтер берілуі тиіс. Саутвиктің (2009) пікірі бойынша, «біз қазір түйсініп қабылдау туралы сөз етіп отырған жоқпыз: біз көру арқылы көркемдік тұрғыдан қабылдауды үйретуге тырысудамыз».
Əр пəннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы əр пəн қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тəсілдеме əрбір оқу пəнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім жəне білікпен алмасу, тілдік жəне сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты əдіс-тəсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу əрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
Пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, ақпараттар жəне идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.
Көркем еңбек пәніне оқушылардың уәжін арттыру үшін не істеу қажет? Жаңартылған бағдарлама негізінде оқушылардың жалпы білімге деген ынтасын арттыру тек негізгі пәндер арқылы ғана емес, сонымен бірге музыка және бейнелеу өнері сияқты пәндер негізінде де жүзеге асырылуы керек екенін көріп отырмыз.
Мектеп оқушыларының көркем еңбек арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып табылады. Олардың кеңістіктегі заттарды көре алуы мен ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасай алуы керек. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттырудағы рөлі ерекше екенін байқауға болады. Олардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қаты настарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Шығармашылық процесс шексіз. Идеяларды зерттеу және дамыту, құру және орындау, қайта қарастыру, талдау және бағалау шығармашылық процестің кез келген кезеңінде жүзеге асады. Оқушылар практикалық жұмыс арқылы идеяларды зерттей алады. Идеялар оларды жасау мен орындау кезеңінде дамиды.
Тұтас бөлімде, жеке сабақтар кезінде де тұрақты іске асып отыратын, жалғасатын процесс, әсіресе, шолу, талдау және бағалау болып табылады. Жекелеген оқушылардың ойлары мен пікірлерін талқылау барысында жазылып алуы мүмкін. Мұғалім, қажет жағдайда, барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ ресми/бейресми көрме түрінде барлық жұмыстарға шолу жасау және таныстыру үшін оқушыларға қосымша уақыт бөледі.
Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану үшін мұғалім тарапынан икемділік қажет. Өздерінің өткен бөлімдер бойынша жасаған жұмыстарын жылдың басынан тоқсанның соңына дейін шолу жасау мүмкіндігі бар оқушылар игерген процестерді, әдістер мен материалдарды өз жұмыстарын жетілдіру үшін пайдалана алады. «Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру бағдарламасының идеяларын басшылыққа ала отырып, оқушылар өнердің кең ауқымын бағалауда өз дағдыларын жетілдіріп, адамдардың құндылықтарын, қарым-қатынастары мен арман-қиялдарын бейнелеу өнері арқылы бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін кеңейтеді. Олар өздерінің көркемдік дағдыларын дамытып, шығармашылық шешімдерге жетелейтін өнер туындыларын жасауға қажетті мүмкіндіктерін арттырып, өздерінің көркем туындыларын дүниеге әкелуді жоспарлай білу қабілетін жетілдіретін болады. «Көркем еңбек» пәні үшін кез келген ықпал ету оқушылардың уәжін қолдауға, олардың білімі мен дағдыларының дамуына, өзін-өзі бағалау қабілетіне, оқу үдерісі мен нәтижесін дамыту үдерісіне сындарлы әрі сергек түрде ықпал ету маңызды болмақ (Key & Stilman, 2009).
Осындай жас ұрпаққа жан-жақты білім беруді жүзеге асыруда жаңартылған бағдарлама негізінде пәндік білімімізді арттыру өте қажетті және көп жаңалық әкеледі деп ойлаймын. Бұл курстан оқушыларға білім беруде қарапайымдылық пен пәнаралық байланыстың тығыз болуы керектігі, берілген білім оқушының білімге деген уәжін арттыру мақсатында белсенді оқу болу керектігі туралы білімді толықтырады.Соның ішінде көркем еңбектің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері мол. Көркем еңбек пәнінде Кембридж бағдарламасы бойынша барлық жеті модульді қолдану ерекшелігі бар. Оның ішінде белсенді оқыту мен формативті бағалау оқушылардың сабаққа деген уәжін арттырудың негізі екенін байқауға болады. Сабақ барысында қарапайымнан күрделіге қарай ауысу мен тақырыптардың жеңілден басталып, кең көлемде берілетіні туралы көп айтылды.
Жалпы айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты.Еңбек адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуында маңызды роль атқарады.Өйткені адам мен еңбек ажырамас ұғым.Адамдардың мыңдаған ұрпақтарының еңбегінің арқасында қәзіргі өркениет қалыптасты.Мысал үшін ежелгі адамдар жануарлар сияқты өмір сүрдідеп айтылады.Адамдардың осындай дәрежеге жетуі тек қана бір қасиетінің арқасындаболды,ол ойлау,еңбек жасай білу,жарата білу.Адамзат қоғамының ілгерілеуі еңбек дамуынсыз ешқандай болмайды.Демек адамды адам ететін еңбек.Адамның қоғамдағы орны еңбегімен анықталады,қазақ еліде еңбекті ерекше бағалап құрметтеген.Оған мысалы «Еңбек оздырады,жалқаулық тоздырады», «Еңбек түбі-береке»деген сияқты мақал-мәтелдерді,қанатты сөздерді келтіруге болады.Көркем еңбек пәні балаларды еңбек сүйгіштікке үйретеді және де шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі.Шеберлік деңгейінің өсуіне,әр жұмысты соңына дейін жеткізудегі шыдамдылық,төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Көркем еңбек пәнінде бала халықтың өнер мен көркем еңбекте көрсетілген адамның ойларын,сезімдерін,құндылықтарын,өмірге деген көз-қарасын түсініп сіңіре алады.Халықтың рухани мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтары адалдық, мейірімділік, шыншылдық,ұжымшылдық, азаматтық жауапкершілік пен еркіндік сезімі бар адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Көркем еңбек-бұл ұзақ тарихи және халықтың мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері бар интеграцияланған қызмет.Бұл пәнде тоқу,байлау,бояу,тігу,кесу,бұрау және тағы басқа дәстүрлі өнер түрлері және де ежелгі уақытта ойлап табылған халықтың сәндік қолданбалы өнерде үйретіледі.Сонымен бірге көркем еңбек құрал саймандар,онда бала құралдары (қайшы, пышақ, степлер, ине, тоқу ілгегі және тағы басқа) игереді, әр түрлі материалдардан-қағаз, мата, баклашка ,жапырақтар, картон қағаздар және т. б.қәсиеттерін зерттейді және олардан көркем туындылар жасап үйренеді.Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру, талдау, қорытынды жасау өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын үйренеді.
Қәзіргі таңда мұғалім ретінде байқағаным балалардың барлығының оқу деңгейі бірдей емес.Бұл жерде айтайын дегенім үлгерімі төмен балаларғада көркем еңбек пәні болашақта өз жолын табуға,бағыт бағдар беруге өте үлкен көмегін тигізеді,және де бұл пәнде балалар ерекше болуға өнер тапқыш болуға талпынады. Бір сөзбен айтқанда, Көркем еңбек пәні сабағының кілтті сөзі ол-еңбек. Балаларымызды жастайынан еңбекке баулуымыз керек.Көркем еңбек пәні жаңалықтар мен шығармашылық шабыттың қайнар көзі.