Айта кетерлігі, семинар аясында мектептен ашылған «Робототехника» және «Ұлттық құндылықтар» сыныптарының ашылу салтанатына қатысқан Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы оқушылармен тілдесіп, жаңа сыныптың жағдайымен танысты. Оқушылар өздері жасаған түрлі санаттағы роботтармен таныстырса, «Ұлттық құндылықтар» сыныбында оқушылар ән және билерін ұсынды.
Семинардың ашылу салтанатында Түркістан қаласы білім бөлімінің химия және биология пәндерінің әдіскері Жадыра Нұрланқызы мен мектеп директоры Индира Сатыбалдықызы сөз алып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Мектеп оқушылары қала мектептерінен келген мұғалімдерді әнмен қарсы алып, тәжірибелік жұмыстарын көрсетті. Өз кезегінде тәжірибелі педагогтар үлгілі сабақтарын ұсынып, әріптестерімен бөлісті. Семинарға қатысушы мұғалімдер оқушылардың бойынан адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді дәріптеуге бағытталған семинар екендігін айтып өтті. Келген мұғалімдер семинар барысында өтілген сабақтардан алған әсерлерін ортаға салып, кері байланыс жасады.
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.
Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады және олардың өзара байланысты екендігін ұғынады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады.
Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз.
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - интерактивті техника және технология. Интерактивті технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушыларды даярлау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жанжақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім бе-руде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, тал-данатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мә-дени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап етеді. Ақпараттандыру жағдайында білім алушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оқушылардың құзіреттілігін пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану арқылы дамыту қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жанжақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
Биология сабағында жаңа технологияны әдісті қолданудың тиімділігі – оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, бәсекеге қабілетті оқушылар дайындауда маңызы зор. Биология пәнінен сабақ бергенде оқулықтағы берілген материалмен ғана шектеліп қоймай, жаңа технологиялар арқылы материалды пайдаланып, зерттеушілік жұмыстар жүргізуге тырысамыз. Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін биология пәнінде пайдалану ерекше орын алады. Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі –жобалар әдісі, өзін-дік өзінің дидактикалық негізі бойынша, шынайы өмірде тиімді әрекет етуде мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзыреттілікті қолдайтын жаңа технология.
Қазіргі кезде баланың интеллектісіне дербес ойлауын дамытуға бағытталған өз бетімен ізденуге даярлауда жаңа технологияның маңызы зор. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың деңгейіне қарай отырып жұмыс жасау қажет. 6 Мектеп мұғалімдері үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: - оқушының өз бетімен жұмысына; - уақытын үнемдеуге; - білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде; - қашыктықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; - қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; - экономикалық тиімділігі; - қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; - оқушының ой-өрісін дүниетанымың кеңейтуге де ықпалы зор. Мұғалім сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Оқу процесінде пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туып отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы тандалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тындатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кезкелген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар 17 беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады.
Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздеріқаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады.Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуңына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйәымдастыруға жол ашады.
Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірбиелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігінздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «өсімдіктердің көбею мүшелері», «гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағысабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «кубизм», «топтастыру», «бес жолды өлең», «түртіп алу жүйесі», «венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады. Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап жатқада сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа 18 оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады.
Химия - мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген оқу жоспарының мазмұны мен негізін, сондай-ақ оқушылардің академиялық және практикалық іс-әрекетінің деңгейін анықтайтын эталонға айналды. Қазіргі ғылым, техника және өнеркәсіптің қарқынды дамуы жағдайында және әлеуметтік-экологиялық жағдай өзгеріп жатқан кезде мектептерде химияны қазіргі заманғы оқытудың маңыздылығы - уақыт талабы. Ең алдымен мұғалім өзі оқытатын топтағы әр оқушының мінезін, химия пәніне деген қызығушылығын, оның пәнге шығармашылық қатынасын анықтауы керек. Химияны оқытуды мұғалім әртүрлі ұйымдастыру негіз болып табылады, яғні бул өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейіне ие оқушыларға көмектесу және оларды оқушы ретінде көрсете білуге көмектеседі. Алайда, оқушылар өздерінің түсінігі туралы сұрақтарға ауызша жауап бергенде, олар алаңдап, қиынға соғады. Сондықтан бұл әдістерден пайдаланудың мақсаты барлық оқушыларды бірдей сабаққа тарту. Төменде келтірілген әдістер мұғалімдерге көмектеседі деп ойлаймын. Бұл әдістер мыналарды қамтиды:
1-әдіс: Жалпы сұрау. Барлық оқушылардың алған сабақтарын қалай игергені анықталады. Олардың сұрақтарына жауаптар дәйекті түрде қойылады және барлық оқушылардің пікірлері ескеріледі. Жалпы сұрақ-жауапта қысқа үзіліс болмаса, бір сұрақты білмейтін оқушы үзіліп, екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақ-жауапқа барлық сынып оқушылары қатысады.
2-әдіс Жеке-жеке сұрау. Кейбір оқушылардің тақырыпты қаншалықты меңгергендігі әр түрлі иллюстрациялар немесе суреттер, үлестірмелі материалдар, тест сұрақтары арқылы анықталады. Бұл жағдайда мұғалім оқушымен жеке жұмыс жасайды, олардың жауаптарын тыңдайды, талқылайды және білімдерін бағалайды.
3-әдіс: Топтарға болып сұрау. Әр топға бөлек қатардағы тақтадан мысал келтіріліп, тез, анық және бірінші жауап беруі керек. Бұл оларды сабақта белсенді ойлауға үйретеді.
1-мысал Реакцияны теңестірің және түрін атаңыз (8 сыныптар үшін).
1-топға Al + O2 = Al2O3
2-топға Cu (OH)2 = CuO + HO
3-топға CaCl2 + NaOH = Ca (OH)2 + NaCl
4-топға H2SO4 + Zn = ZnSO4 + H2
2 мысал. 1-топға 26 реттік нөмірдегі элементтің протондары, электрондары және нейтрондары саны қанша?
2-топға. Протонының саны 18 болған элементтің реттік нөмері қанша және ол қандай элемент?
3-топға. Нейтрондар саны 14 болған элемент қайсы және онің протон мен электрон саны қанша?
4-топға. Электрондарының саны 29 болатын элементтің атауы және оның салыстырмалы атомдық массасы қаншаға тең?
4-әдіс: Тест әдісі. Бұл әдіс оқушылардің білімімен және берілген тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен сипатталады. Бұл әдіс уақытты үнемдейді, яғни 15 минут ішінде бүкіл сыныптың білімін анықтауға болады. Мысал ретінде, «Темір» тақырыбын өткен кезде келесі тест сұрақтары қойылады (9-сынып үшін).
1. Темір (ІІІ)-оксидағы темірдің массалық үлесі?
А) 40% B) 55,8% C) 68,4% D) 70% E) 82,2%
2. Темір атомында қанша электрон бар?
A) 22 B) 26 C) 17 D) 18 E) 19
3. Темір лабораторияда қайсы әдісмен алынады?
A) Fe+H2=
B) FeO+C=
C) FeO+CO=
D) FeO+AI=
E) Fe2O3+CO=
4. Fe2O3 дағы темірдің тотығу дәрежесі?
А) +2 D) 0 B) -3 E) +3 C) -2
5. Гематитдің формуласы?
А) Fe3O4
D) FeS2
B) Fe2O3
E) FeCO3
C) Fe2O3*nH2O
Тест сұрақтары оқушының білген нәрсесіне нақты сенетінін анықтау үшін білімді тексеру. Ол үшін тест сұрақтары нақты, толық тұжырымдалған болуы керек және тізімде көрсетілген барлық материалдарды қамтуы керек.
5-әдіс. Нәтижелерді зерттеу. Сонымен қатар 3-4 оқушы тақтаға шақырылады, сұрақ-жауап парағы беріледі және жауап бағаланады.
1 оқушыға: Реакцияны аяқтап, түрін айтыңыз. Р + O2 =
2 оқушыға: 18 г P2O5 құрамында P мөлшері қанша екенін анықтаңыз.
3 оқушыға: Фосфор тыңайтқыштарына мысалдар жазып, оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығын түсіндіріңіз.
4 оқушыға: H3PO4 -тің құрылыс формуласын жазып, Р нің валенттілігін анықтаңыз.
Нәтижесінде оқушылардың жауаптары талқыланады. Оқырманға өз ойын еркін айтуға үйретіледі, ал қалған оқушыларға жауап дұрыс немесе бұрыс па екенін байқауға, тыңдауға және ойлануға үйретіледі.
6-әдіс: Бақылау әдісі. Бұл әдіс тәжірибеде қолданылған кезде өте тиімді. Оқушылар тәжірибені өз көздерімен көріп, өзгерістерді байқап, нәтижелері туралы есеп беруі керек. Мысал. Тәжірибелік сабақ (8-сынып үшін). Оттегі тобындағы элементтердің қасиеттерін анықтаңыз.
7-әдіс: Жаттығулар жазу. Бұл әдісті оқушыларды сыныпта фронтальды немесе жеке топтарға бөлу үшін қолдануға болады, мысалы, фосфор оксиді (P2O5) қасиеттерін зерттеу кезінде.
1 нұсқа. Келесі реакция теңдеуі тақтаға жазып, оны теңестіруді сұрайды:
P2O5 + H2O=
2-нұсқа. Генетикалық байланысты жүзеге асыру сұралады.
Р→ Р2O5 → Na3PO4
8-әдіс. АКТ мен жұмыс.Оқушыларға қызықты химиялық тәжірибелерді интернет сайттерінан көрсету.
9-әдіс. Диалог тәсілі. Бұл әдіспен оқушыларға сұрақтар қойылады және әр тараудың соңында материалға реферат жазылады. Бұл оқушылардің тақырыпты, ойлау қабілетін және әдебиеттерден алатын қосымша ақпарат пен білімге негізделген.
10-әдіс. Көрнекі материалдармен жұмыс. Суретті (сызбаны) түсіндіру мүмкіндігі. Мысалы, суретке байланысты қандай заттар молекулалық, атомдық, иондық немесе кристалдық торды құрайды және затты атауға немесе пештің құрылымы мен жұмысын түсіндіруге және т.б.
Оқушыларға жауаптарын арттыру үшін саралауды, сабақ ойындарын ұйымдастыруды, қойылған сұрақтардың алуан түрлілігіне назар аударуды, өзін-өзі тексеруді, ауызша жаттығуларды, пікірсайыстарды, нәтижелер мен жауаптарды түсіндіруді үйрету керек. . Осы әдістерді қолдану оқушылардың химияны дамыту және ойлау қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар оқушының басқаша ойлау, сұрақтарға дұрыс және дәл жауап беру, өз бағалары туралы түсінік беру, білімін өздігінен тексеру, жарыстарға қатысу және өз бетінше ойлау қабілеттерін арттырады. Бұл оқушылардың біліміне оң әсер етеді. Сонымен, жоғарыда аталған әдістер оқушылардің идеяларын мақсатқа бағыттауға, олардың оқу нәтижелерін болжауға және олардың жақсы нәтижеге жетуін қамтамасыз етуге бағытталған заманауи педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады.