Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 14:16

Түркістан: педагогтар халықаралық зерттеуге қатысты

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде TALIS-2024 Халықаралық зерттеуі өтті. Зерттеуге 2 мемлекеттік мектеп және 4 жекеменшік мектептер таңдалынған.

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының қолдауымен өткен зерттеуді 26-27 ақпан күндері М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы мен Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназиясы және «Даму» жекеменшік мектептері тапсырды. Зерттеу барысында Астана қаласындағы «Ақпараттық-талдау орталығының» ұлттық үйлестірушісі Назым Сманова мен білім бөлімінің әдіскері Жадыра Нұрланқызы қатысып, ұстаздарға зерттеудің мән-жайын түсіндірді.

Ұлттық үйлестірушісі TALIS сұрақтары бойынша қазіргі кездегі мұғалімнің кәсіби дамуы, білім сапасын бағалау, мектепті басқару, оқыту әдістемесі, мектеп ахуалы, мұғалімдерді ынталандыру және олардың жұмыспен қанағаттанушылығы, өзін-өзі бағалау және кәсіптік қабілеттерін жетілдіру бойынша сауалнамалардан тұратындығы жөнінде ақпарат беріп, мектеп ұстаздарына сәттілік тіледі. Мектепте кабинет жабдығы, ғаламтор желісінің жұмыс жасауы, қауіпсіздік ережелері дұрыс жолға қойылғандығы байқалды. Зерттеуге мектеп басшысы және 20 мұғалім сауалнамаларға ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен жауап беріп, жоғары деңгейде өз үлестерін қоса білді.

Педагог мәртебесі, мұғалімдердің білім алуына жағдай жасау, қағазбастылықтан арылту туралы елімізде біраз жылдардан бері айтылып жүргені белгілі. Бұл ең алдымен ұстаздың жеке тұлғалық қасиетін арттыу, білімін жетілдіру, еңсесін көтеру мәселесінен туындаған шаруалар. Жалақысы жоғары, жұмысы жайлы мұғалімнің ізденісін арттыруға мүмкіндігі де көп болады. Осы мәселеге байланысты арнайы зерттеу жүргізіледі. Халықаралық тәжірибеде қарастылырылған мәселе. Соның негізгісі ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың зерттеу жұмысын атауға болады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың зерттеу  жұмысының негізгі мақсаты мұғалімдердің еңбек жағдайларын және мектептердегі білім беру ортасын бағалау.

«Бұл мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасын бағалайтын жалғыз ауқымды халықаралық зерттеу. Ондағы жинақталған мәліметтер педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру, мұғалімдерді ынталандыру. Сонымен қатар оқу бағдарламаларын әзірлеуде пайдаланылатын болады», - дейді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Динара Әбілқанова.

Халықаралық беделді ұйым саналатын ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) алты жыл сайын мұғалімдер мен мектеп директорлары арасында сауалнама арқылы зерттеу жүргізіп тұрады. Бұл талдаудың маңызы неде? Педагогтардың білімін арттыру, педагогикалық корпустың сапасын табу үшін ең алдымен оның осал тұсын анықтау дәлелдеуді қажет етпейді. Осы талдау ашық жүргізіле отырып, мектептердегі негізгі ортақ проблемалар, артық кеткен, кем соққан тұстары алдын ала зерттеледі. Осының арқасында мұғалімдердің еңбек жағдайы мен мектептердегі білім беру ортасына тәуелсіз бағалауға мүмкіндік туады.

Бұл зерттеу осымен екінші мәрте кешенді түрде жүргізілді. Алғаш рет педагог мәртебесі туралы заң шығару мәселесі көтеріле бастаған 2018 жылы өткізілген Ол кезде де Қазақстанның барлық аймағынан 6 жарым мың мұғалім мен 331 мектеп директоры қатысып, халықаралық деңгейде өз пікірлерін білдірген. Осы щерттеу кезінде алынған деректер мен статистика негізінде жаңа заң әзірленді. Сондай-ақ зерттеу қорытындылары Білім және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да ескерілген.

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. 

Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады. Сондықтан да мұғалім­нің оқу-әдістемелік, әлеуметтік-ма­териалдық жағдайын жақсарту жолымен оның беделін мүмкіндігінше арттырып отыру мемлекетіміздің білім беру саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі болуға тиіс.

Мұғалімнің кәсіби дамуы - тынымсыз ізденіс. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқытаибілетін мұғалім бола алады. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандық бар, адамбаласы өзі таңдап алған кәсібінің майталманы болуы керек, ал сол кәсібініңмайталманы болу үшін не керек? Әрине, еңбек керек, ізденіс керек, өзін - өзі жан -жақты адам ретінде, тұлға ретінде үздіксіз дамыту керек.

Мектептің жаны, мектептің жүрегі – мұғалім деп айтып та, естіп те жатамыз. Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен көбірек білімді тұлғалар шығады. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген сөзіндеқаншама ой, қаншама түйін жатыр. Расымен де, өмірдегі сан түрлі мамандықтардың ішінде білімділікті, кәсібилікті, тәрбиелілік пен шеберлікті асақажет ететін мамандықтың бірден - бірі – мұғалім мамандығы. Сондықтан даұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді.

Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс - әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс – тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.

Жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін сабақтарда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі. Әрбір сабақта әртүрлі жаңа технологияларды, әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, біз өз - өзімізді дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға үйренеміз. Әрине, жұмысымызда қиыншылдықтар да кездеседі, дегенмен оларды өту барысында біз тәжірибе жинақтаймыз, жаттығамыз, мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Алдымызға қойған мақсатқа жетуде оқу - тәрбие жұмысындағы әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыруымыз керек. Бұл - әрбір ұстаздың парызы.

Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс - тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.

Кәсібилік – ұстаздың психолого - педагогикалық, ғылыми - пәндік білім - біліктің мәдени - адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми - кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс - әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді.

Кез келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін – өзі жетілдіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс - әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер - ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Қазіргі таңдағы көптеген педагогтар өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейді. Оны әртүрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.  

Мұғалімнің кәсіби дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия - манызды екендігі сөзсіз. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру саласында мектеп жұмысының дамуының ең басты фактор болып отыр. Әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдаланып, кәсіби дамып отыруы керек.

Ұстаздар қауымы алдына мемлекетіміз жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшінің сүбелі тұсынан орын алып, жол бастауға қабілетті, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндетін қойып отыр. Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері біліктілік арттыру саласындағы басым бағыт болып отыр.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі мұғалімнің алған дипломына сай тынбай еңбектенуі арқылы келетін жетістік. Қазіргі кездегі зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, жас маманның кәсіби дамуы оның білім деңгейінің жоғарылауы, дайындықтың жетілуі, педагог санаты деңгейінің жоғарылауы тәрізді сапалы өзгерістермен дәйектеліп отыратындығын көреміз. Бұл бес жылда бір рет мұғалімнің міндетті өтуі тиісті білім жетілдіру курстары мен аттестация арқылы қарапайым жете қоятын меже емес. Аталған мәселелерден басқа, мұғалім үздіксіз білім алу нәтижесінде өз бетімен теориялық білімін жетілдіре отырып, әріптестерінің жұмыс нәтижесін мүмкіндігінше зерделей келе, өзінің күнделікті еңбек нәтижесін талдауға үйренсе, сол нәтижелер негізінде жасалған арнайы жоспар бойынша еңбектене бастаса, байқала бастайтын жеке жетістіктерін көре біліп, соған жету жолын сипаттауға тура келетін ұзақ мерізімді ауыр жұмыс. Бұл бағытта жүйелі өтетін ашық сабақтар, түрлі сайыстар, байқаулар, конкурстар, сыныптан тыс жұмыстар, пәндік олимпиада, ғылыми жоба, семинарлар және ғылыми - тәжірибелік конференцияға қатысу жұмыстары да кіреді.

Қазіргі жас мамандардың белгілі бөлігінің кәсіби қалыптасуына кедергі келтіріп отырған қиыншылықтардың туындау себептері неде? Көптеген мұғалімдермен әңгімелесу, жұмыс барысындағы жетістіктері мен қиыншылықтарын талдау барысындағы байқалатын басты кемшілік – мұғалімдердің жыл сайынғы заманауи өзгерістермен бірге түрленіп отырған оқушы психологиясындағы айырмашылықты көре білу мен соған қатысты қызмет саласындағы бетбұрыстарды уақытында енгізіп отырудан сәл кеш қалуы немесе осы басымдықтарға толық мән бермеуі тәрізді. Бұл жерде көптеген мұғалімдердің басты қателігі - тек қана өз пәніне оқушыларды қызықтыруды, жеке пәні бойынша әріптестері арасында жоғары көрсеткіштерге жетуді ғана ойлап, жоғарыда аталған педагогикалық - психологиялық ерекшеліктерге толық мән бермеу нәтижесі екендігін көрсету.

Мектептегі білім сапасы мұғалімнің кәсібилігі мен мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, мектептен балалардың көбірек білім алып шығуы, немесе білім сапасын көтеру арқылы нәтижелілікті арттырудың басты тетігі – кәсіби ұстаз, ұстаздың білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жаңалықтарды өз тәжірибесіне ендіре отырып, кәсіби дамуын, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігінің, педагогикалық – психологиялық дайындығы мен шығармашылық қызметке бейімділік деңгейінің заманауи талаптарға сай өзгеруіне, жетіліп отыруына біліктілік арттыру нәтижесінде қол жеткізу болып табылады.

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау – білім саласының басты мақсаты.

Бүгінгі мұғалім кәсібилігінің қажеттігінің негізгі мақсаты мектеп оқушыларының білімді тек қана қабылдап, сол білімін теориялық көрсете білуден оны практикада пайдалану дағдысына көшіру. Бұл жерде мұғалімнен оқушының тек танымдық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен бірге эмоционалдық, психомоторлық қабілеттерінің де іске қосылып, оқушыдағы проблеманы шеше білу, ақпаратты талдай білу, коммуникативтік, әлеуметтік құзырлылық негізінің де пайда болып, тұрақты қажеттілікке айналуын қадағалау талап етіледі. Бұл оқушы тарапынан материалдың игерілу деңгейіне де, оны өз қажеттіліктеріне қатысты пайдаланылу деңгейінің де арта түсуіне әсер ететіндігі байқалды. Қазіргі кездегі «Өрлеу «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы мен оның филиалдары тарапынан тарапынан жүргізіліп отырған жұмыс толықтай осы міндеттерді шешуге бағытталған. Сондықтан «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі білім беру мазмұнының жаңару жағдайында мұғалімнің кәсіптік мәдениетін көтеру, кәсіби деңгейде жұмыс жасауға баулу білім беру ұйымдары мен біліктілік арттыру институттары алдындағы басты міндет болып табылады. Бұл өрлеулік тренерлердің күні кешегі пандемия жағдайындағы мұғалімдерге қашықтан оқыту бойынша жүргізіп отырған көмегінен де көрінеді.

Жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары түрде қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелей білу. Бұл жұмысты атқаруда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бұған мұғалім бойындағы келесі қасиеттерді қосуға болады:

- білім беру үрдісіндегі жауапкершілікті сезіне білу;

- оқушы жұмысын проблеманы шеше білуге бейімдей білу қабілеті;

- білім беру технологияларын пайдаланудан бұрын толық түсіну, меңгеру, қолдануда жоғары шеберлік таныта алуы;

- өз жұмысының қоғамдық маңызын түсінуі;

- өз саласында үнемі ізденісте бола білуі.

Бұл қабілеттілікке жетудегі мұғалім үшін ең басты таптырмас жолдың бірі – өз сабақтарын өткен күні - ақ талдай отырып, сабақтағы сәтті шыққан кезеңдер мен нәтижелілігі төмен болған сабақ бөліктерінің себептерін табу қажеттігі. Адам санасындағы сабақ жүру барысы туралы ақпарат көмескіленбей тұрғандағы талдаудың басты ерекшелігі, оң, теріс нәтиженің барлығының санадан өтіп, мынау жаман, мынау жаксы деген толық бағаға ие болмай тұрғандағы алғашқы нәтижені жазып үлгеру мүмкіндігінің болуында.

Кәсібилікке жетудегі мұғалім бойынан табылуға тиісті келесі қабілеттің бірі - оқып үйрену қасиеті. Бұл қабілеттің басты қажеттілігі кез - келген материалды оқи отырып, мұғалімнің талдау нәтижесінде өз теориялық багажын толықтыра білу немесе оны өзгерте алу мүмкіндігіне жете білуі. Тек осындай жағдайда ғана мұғалім оқушы алдында берілген, дайын ақпаратты, материалды ұсынушы емес, керісінше оқушыға ой салушы, бағыт беруші роліне ене алады. Оқып үйренудің негізгі қағидаларын төмендегі түрде құрастыруға болатын тәрізді:

- мұғалімнің өзін – өзі дамыту, өзіндік үздіксіз білім алу және оны жаңартып отыру қабілеті;

- барлық жинақталған ақпаратты жүйелеу, материалдар арасындағы сабақтастықты таба білу қабілеті;

- дүние жүзілік білім беру тәжірибесіндегі кең тараған педагогикалық тәжірибелердің өз тәжірибесіне қажетті тұстарын таңдай білуі мен сол элементтерді өз тәжірибесіне енгізе білу қабілеті;

- үздіксіз білім алу нәтижесіндегі алынған ақпаратты талдап, жүйелеп, пайдалану мүмкіндіктерінің ең тиімді тұстарын таба білуі қабілеттері түрінде алуға болады.

Кәсібилікке, табыстылық пен нәтижелілікке ұмтылған пән мұғалімдері үшін кез - келген акпаратты немесе материалды іздестіру және өз қажетіне сай бейімдей білу қабілеттері де басты роль атқарады. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары ең жаңа ақпаратты басылымға дайындау барысында материалдың жинақылығы мен ұшқырлығын арттыру үшін кестелерді, графиктер мен диаграммаларды жиі қолданады. Ол ақпарат мемлекеттік ұйымдар тарапынан кітап, электрондық оқулық т. б. түрде дайындалып шығуы үшін ұзақ уақыт кетеді. Осы жағдайда мұғалімнің керекті ақпаратты аталған ақпарат көздерінен ала білу мүмкіндігі, сол материалды бүгінгі ақпараттар ағынында көре білу қасиеті, кездескен толық емес материал көздерін тиянақты жүйелеу қабілеті, бірнеше көзден алынған деректерді бір - біріне икемдей алу шапшаңдығы, кез - келген кездескен қиыншылықтардан шыға білуі мен оларды жеңе білу, соңғы шешім қабылдай алу қабілеттері жатады.

Қазіргі заман мектебіндегі мұғалімнен талап етілетін кәсібилікке бастар қабілеттің бірі – кез - келген ортада тіл табыса білу мен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасай білу. Бұл бағытта мұғалім бойынан табылуға тиіс ерекшелік – оқушы психологиясындағы заманауи өзгерістерді меңгеру деңгейі және сол психологиялық білімді практикада тиімді қолдана білу қабілеті. Мұғалім тәжірибесіндегі барлық жетістіктер де, барлық кемшіліктер де осы психологиялық – педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрену, әр оқушының және әріптестерінің пікірлеріне сыйластықпен қарау, әр түрлі (тіпті қарама – қарсы) пікір айтылған кездегі шыдамдылық пен көрегенділік, пікірлесушіге деген тілектестік, ең бастысы шешім қабылдау мен айтылған мәселені орындаудағы дәлділікке байланысты болатындығы қазір психологтар да, педагогтар да тараптарынан дәлелденіп отыр.

Жаңа заманның кәсіби мұғалімінің қалыптасуында қызметкердің өз міндеттері мен жауапкершілігін сезіне білу мүмкіндігінің де ролі зор. Мұғалімнің қоғам алдындағы, мемлекет алдындағы, ата - аналар мен қарапайым оқушы алдындағы өз міндетін біліп, сол міндетті мүлтіксіз орындауға деген, тек қана қоршаған орта алдындағы сыртқы бейнесімен ғана емес, пәк күйдегі ішкі сезімінің болуы арқылы – қазіргі замандағы қарапайым мұғалім мен «патриот», яғни шығармашыл, кәсіби мұғалім арасындағы басты айырмашылығын көреміз. Осының нәтижесі мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білу мүмкіндігі, өткен мен жаңаның байланысы арқылы тиімді тәсілдердің өміршеңдігін көрсете білуі, қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, оқушы бойындағы қиындықтарға және сенімсіздіктерге қарсы тұра білуі мен кез - келген құбылысқа (табиғи, әлеуметтік) жеке көзқарасын білдіру дайындығынан көрініп отырады, яғни мұғалімнің жұмысқа деген ниеттілігі деген тағы бір қабілеті байқалады.

Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.  Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: тәрбиеші,әдіскер, мүғалім, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, әртіс және тағы да басқалары.  Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолындағы белгілі міндеттерді атқара білу. 

Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті : өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады. Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

Оқылды 125 рет