Жұма, 17 Мамыр 2024 11:51

Түркістан: жаңалыққа жол бастаған семинар

Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызының бастамасымен оқу мен оқыту үдерісінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқытудың әдіс-тәсілдері мен цифрлық зертханаларды қолданудың тиімділігін асыру мақсатында Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектебінде «Жоғары технологиялық мектеп ортасын қалыптастыру құралы ретінде химия және биология пәніндегі цифрлық зертханалар» тақырыбында қалалық ақпараттық семинар өткізілді.

Семинарды Түркістан қаласы білім бөлімінің химия және биология пәні әдіскері Жадыра Нұрланқызы мен мектеп директоры Нұрбол Әмірханұлы ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Химия-биология пән мұғалімдерінен құрылған оркестрде қазақ халқының ән-күйлері орындалып, қала мектептерінен келген мұғалімдер дойбы ойнаудан бастаса, оқушылар жаратылыстану пәндерінен қызықты тәжірбиелер көрсетті. Ашық сабақтарда мұғалімдер жаңа әдістерді пайдаланып, зертханалық жұмыстарды цифрлық құралдармен ашық сабақтар, шебер сынып өткізілді.

Семинарға қатысушылар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын білімді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған семинардың педагогтарға берері зор екендігін тілге тиек етті. Барлық келген педагогтар семинардан алған әсерлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үдерістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі болып табылады. Кәсіби шеберлікті дамытуда жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану, яғни, электронды оқулықтарды, әр түрлі дискілерді, презентациялар, бейнероликтер, оқу фильмдері, флэш анимациялар, демонстрациялық және зертханалық эксперименттерді, химия суреттер жинағы, аудио-файлдар, музыка үзінділері мұғалімге жаңа тақырыптарды түсіндіруге немесе ескі тақырыптарды қайталауға, алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге көмектеседі. Химия пәні бойынша виртуалды зертханалар оқу материалын меңгерудегі іс- әрекетін жүзеге асырудың бір құралы болып табылады. Виртуалды зертхана білім алушыға пәндік білімдер мен біліктерді игеруге жағдай жасайды. Оқыту үдерісінің көрнекілік деңгейін арттыруға, білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге мүмкіндік береді.

Қазақстандық  білім беру әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдаса бастауына байланысты өз дамуының жаңа сатысына көшуде.Дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру әдіснамасын жаңарту үрдістері байқалады.Білім берудегі өзгерістерге себеп болып отырған әлемдік дамудың негізгі үрдістері -қоғам дамуының қарқындылығы,бәсекелестіктің өсуі,ақпараттың мейілінше өсуі болып табылады.Осы үрдістердің негізінде оқушылардың танымдық қабілеттері мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы,сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.Сол себепті Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы  жылдары өзінің келбетін өзгертті.Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Осыған орай мектептік білімнің жаңартылу бағыттарын төмендегідей белгілеуге болады:

*Оқушылардың өз бетінше білім алуға, оны тәжірибеде қолдана білуі қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

*Білім мазмұнын оқушылармен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;

*"Өмір бойы білім алу"қағидасын ұстану;

Бұл бағыттардағы мектептік білімнің жаңартылуы оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылатын сабақты жүргізуге жаңа талаптар қоятыны айқын.Демек жаңа талаптарға жауап беретін заманауи сабақ жүргізуде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың қажеттілігі "Заманауи сабақты ұйымдастыру мен жобалау " атты  өзектілігін анықтайды.

Білім берудегі инновациялық ғылыми анықтамасын берген педагог-ғалым Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше заманауи сабақ-бұл мұғалім тарапынан оқушының тұлға ретінде дамуына,ой-өрісінің белсенді өсуіне ,білімді толығымен меңгеруіне және бойына рухани- адамгершілік негіздерінің қалыптасуына ықпал ететін барлық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдалануы.

Оқу үдерісінде озық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі-жаңа әдістерді қолдана отырып,жас жеткіншектердің парасаттылық,шығармашылық ойлауын дамыту,қазіргі заман талабына сай белсенділігін қалыптастыру жалпы оқыту теориясының жағдайын тереңірек жүйелеу мен реттеуді қажет етеді.

"Мектеп-кеме,білім - теңіз"-деген қанатты сөз кез келген адамның саналы өмірін қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы,білім ордасы-мектептің қоғамдағы ролі мен орнын айқындайды.

Қазіргі замандағы ұстаз алдындағы міндет-рухани жан дүниесі бай,ой-өрісі дамыған,жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.

Я.А.Коменскийдің "Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген  және өзінің біліміне ештеме қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана",-деген нақылы мен Филлердің "Бойыңда білімің бар екен ,одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз",-деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды болып отыр.

Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше ,сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес.Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық ,кәсіптік,адамгершілік,рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Өзін -өзі дамытып ,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педагогикалық озық технологияларын жетілдіріп,оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.Бүгінгі таңда мектептерде түрлі озық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім.Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес.Сондықтан,мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап,іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруарқылы оқушының әрекеті -технологияны қабылдауы,оған деген ынтасы мен құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс.

Еліміздің барлық мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр.Мұндағы мақсат-жаҺандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену.Осыған орай білімнің мазмұны да,оған қойылатын талаптар да өзгеруде.Сондықтан жаңашылдық керек,яғни,инновациялық жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру,өзіне сенімділігін қалыптастыру,танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту -олардың белсенділік,сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға ,сабақта,сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге көмегін тигізеді.

Инновациялық білім беру деп-тұлғаның бағдарлы көзқарасты,білімдегі дәлдікті,шығармашылық бастауды,жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып,айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологиялар мыналар:

*Пәндік оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

*Көп деңгейлі және сараланған оқыту технологиясы.

*Перспективалық-озық оқыту технологиялары.

*Проблемалық оқыту технологиясы.

*Қашықтықтан оқыту технологиясы.

*Критикалық ойлау технологиясы.

Осы технологияларды оқытуда қолдана отырып мұғалім процесті неғұрлым толық ,қызықты,мазмұнды етеді.Мен өзімнің іс-тәжірибемде АКТ ,деңгейлеп оқыту,ойын технологиялары,ынтымақтастық пен сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданамын."Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау"бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану,оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда,күшейтуде,оқытудың тиімділігін ,сапасын арттыруда ерекше маңызды рөл атқарады.

Кез келген сабағыңды қызықты өткізіп,оқу сапасын арттыру үшін ізденіс,жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида."Оқытып жүріп,өзіміз де үйренеміз." қағидасын ұстанған  мұғалім үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс.Ұстаздың өзі ізденуші.Сонда ғана өзі қызыққан ұстаз сабағынбасқаларңа да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын.Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу-оқу сапасын көтеруге жақсы нәтижелер береді. Мұғалім әр кезде ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Заманауи технологияларда басты міндет – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Заманауи технологиялардың басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Заманауи педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар керек: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу, оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру, оның ғылыми – әдістемелік, оқыту – әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

Заманауи технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-Балаға ізгілік тұрғысынан қарау

-Оқыту мен тәрбиенің бірлігі

-Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту

-Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту

-Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту

-Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту

-Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

-Оқу үрдісін оқушының сезінуі

Заманауи педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру, оқушылардың жаңа материалдарды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау. Педагогикалық технологияны игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру оқытудың ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу – тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап, ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.

Заманауи технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс – әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу – танымдық іс – әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Белгілі бір дәрежеде оқу – танымдық іс – әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің өзара байланысы негізінде оқу – танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда заманауи технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекетін белсендірудің шығармашыл әлеуетін көтерудің маңызы зор.

Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден – бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект – субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы топ басшысы, оқушылардың ынта – ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтанда олар ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп «әрекет етуге», сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір – бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір – бірінің жауаптылығын сезінеді.
Заманауи технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым – қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияны енгізіп, пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық саласында, соның ішінде, білім беруде жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алады. Осыған орай, қазіргі мектептерде оқу – тәрбие үрдісіне енгізген жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс – әрекеттеріне кең түрде қолданылуда.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді.

Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. «Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетінанықтамалардыңкөпшілігі бұл ұғымдыкеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

«Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған. Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жекедара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). «Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне анық екендігі белгілі.

Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. 2.3. Инновацияны енгізудің алғышарттары мен кезеңдері Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады: I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру. ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу. ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану. IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізілген жаңалықтардың нəтижесін бағалау. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: - оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; - оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үдерісінің өзара сапалы нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: - оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жəне одан шығатын нəтиже оқытушының кəсіби біліктілігіне тікелей байланысты; - жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі əрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; - жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында əрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, əрі жетіспеуі, кадрлық əлеуеттің төмендігі көп кедергі жасайды. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижені пайдалана білу – əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: - əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; - білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу; - өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; - аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 2.4. Инновацияның негізгі қағидалары Қазіргізаманғыпедагогикалық технологиялардың педагогокалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; баланың өз бетімен əрекеттену əдістерін меңгеру; баланың танымдылықжəнешығармашылық икемділігін дамыту; əр оқушының даму жүйелері жұмыс істеу; оқу үдерісін оқушының сезінуі.

Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептер қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Оларға төмендегілер кіреді. - білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне көшуі жəне орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа өтетіндігі; - білім беру мазмұнының ізгілендірілуі; - мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастыруды, яғни оқушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де. Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық деңгейіне жету үшін Блум жүйесі пайдаланылады.

Оқылды 118 рет