Дүйсенбі, 27 Мамыр 2024 18:48

Түркістан: мектеп оқушылары оқу жылының аяғында жетістіктерімен қуантты

Түркістан қаласындағы Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейі түрлі білім сайыстарына қатысумен қатар жүлдегер атанудан алдыңғы қатарда келе жатқан үлгілі білім ордаларының бірі. Жыл сайын жоғары нәтижелерімен қуантып келе жатқан мектеп оқушылары оқу жылының аяғында тағы қос жетістіктерімен қуантып отыр.

Атап айтсақ, Астана қаласында өткен «Білім әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсына қатысқан 10-сынып оқушысы Қырмызы Тұрғанбек «Мақтау қағазымен» марапатталса, 5-сынып оқушысы Мырзахмет Нұрбақ «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде топ жарып, ІІ орын иелегері атанды!

Қос дарынды оқушыларымызды айтулы жетістіктерімен құттықтай отырып, болашақта ұстаздарынан алған терең білімдерімен бұдан да жоғары жетістіктерге жете берулерін тілейміз. Сонымен қатар, қосы дарынның жетекшілері, мектептің физика пәні мұғалімі Акшолпан Серікқызы мен математика пәні мұғалімі Гүлмира Ибрагимоваға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Оқылды 96 рет