Дүйсенбі, 28 Қазан 2019 23:53

Шымкент: 134 жалпы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі құрылған

Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің жүргізген профилактика нәтижесінде 25 білім беру мекемесінде 166 заң бұзушылық анықталған. Оның 132-сі тікелей басшылық тарапынан, 34-і жоғары тұрған орган тарапынан орын алған. Бұл туралы қалалық білім саласын бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде айтты.

Департаментке 2019 жылғы 9 ай ішінде заңды және жеке тұлғалардан 50 өтініш келіп түскен. Бір ғана әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 217 қаулы шығарылған. Сот шешіміне немқұрайлы қараған 117 ата-анаға 1 жыл өтпей қайта шара қолданылған. Білім беру саласына қатысты лицензиялау ісінде де олқылықтар бар. Қаралған 422 істің 284-і ғана мақұлданған. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 134 жалпы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес құрылған. Онда 1308 мүше белсенділік танытуда. Басты мақсат білім сапасын жақсарту мен  бала құқының қорғалуын қамтамасыз ету дейді мамандар.

«Қаңтар айынан маусым айына дейінгі 25 білім ордасына жүргізілген зерделеу нәтижесінде 166 заң бұзушылық анықталды. Олар да өз ішінде 2-ге бөлінеді. 34-і жоғарғы тараптан жіберілген қателіктер болса, 132-сі мектеп әкімшілігін басқаратын басшылар тарапынан кеткен қателіктер болып табылады» - деді Шымкент қалалық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанат Тажиева. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 695 рет