Жұма, 15 Қараша 2019 17:16

Түркістан облыстық педагогикалық идеялар байқауы: Жетісай ауданының ұстаздары үздік атанды

2019 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауына ауданнан 12 пән мұғалімі қатысты. Байқауда І орынға 7 мұғалім, ІІ орынға 5 мұғалім ие болды. 

Байқауда І орын алған мұғалімдерге І дәрежелі диплом, теледидар табыс етілді, ІІ орын алған мұғалімдерге ІІ дәрежелі диплом, принтер сыйлады. Ұстаздар өздерінің заман талабына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша терең білімді, педагогикалық идеялары бар іскер маман ретінде дәлелдей білді.

Жүлделі І орын иегерлері – Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Әлия Ақмеңтаева, Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектептің физика пәні мұғалімі Зылиха Әмзеева, №12 жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Ақбота Назарқұлова, №40 «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жансая Жасыұзақова, Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жадыра Жұмагазиева, №39 «Асықата» жалпы орта мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Ғалымжан Аманов, Д.Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Құрмансейіл Мықтыбеков жүлделі І орындарды иеленіп қайтты. Жүлделі ІІ орын иегерлері Г.Титов атындағы №54 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Қалдарова, №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Нағима Қыстаубаева, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Жұпарбек Тыңғозиев, С.Сейфуллин атындағы №29 ЖОМ-ның өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бақытжан Суясинов, №10 «Қайнар» мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ләззат Маханова жүлделі ІІ орындарды иеленіп қайтты.

Осындай тәжірибелі мамандардың келешекте республикалық байқауда ауданның һәм облыстың намысын қорғап шығатындығына сенейік!

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 698 рет