Бейсенбі, 14 Қараша 2019 01:32

Түркістан облысы: Созақтық өнертапқыштар ерледі

Жуырда Талдықорған қаласында оқушылар арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы болып өтті. Оған Түркістан облысының атынан қатысқан Созақ ауылындағы Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айтымет Хансұлтан қатысып, 3-орынды иемденіп, арнайы дипломмен марапатталды. 

Жеңімпаз оқушыны дайындаған ұстазы, технология кабинетінің шебері ДілмұратЕрназаровтыда ҚР БжҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.П.Шер Алғыс хатпен марапаттады. Оқушылардың жетістіктерінің арқасында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы республикада 2-орынды иемденіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ділмұрат Ерназаров Раиса Шердіңшалғай елді мекеннен келген ұстаз-шәкірттің өнертапқыштық дүниесін жоғары бағалап, жылы лебіз білдіргенін айтып отыр. Ол сондай-ақ Талдықорғанда танысқан әріптестерінің біразы мектептерінде ашылған ақылы робототехника үйірмелерінің жетекшілері екендіктерін де жеткізді. «Неге өз мектебімізде де осындай кабинет ашпасқа»,- дейді өзі. Жоғары білімді информатика және технология пәндері маманы ретінде, сонымен қатар оның жастық жалыны мен жеке қызығушылығын және жоғары технологиялар үстемдік етіп тұрған мынау заманды есепке алсақ, оның бұл ұсынысын құптауға болады. Әрі мұндай үйірмелер – оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытудың бірден-бір жолы.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 516 рет