Бейсенбі, 14 Қараша 2019 00:06

Түркістан облысы: Кентау тарихы таңбаланды

Қаратау тәжіне баланған Кентау тарихы таңбаланған тың туындылардың тұсауы кесілді. Құнды дүниелерді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ғалымдары жазған. 

Онда кеншілер қаласының қалыптасуы мен жерасты қазба байлықтарын өндірудегі жетістіктер, жаңа қалалардың пайда болуы естелік ретінде көпшіліктің аузынан жазылып алынған. Ғалымдар бұл еңбектерді жинақтау үшін төрт жыл жұмсапты. Жоба «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Ғалымдар өз еңбектерінде Кентау қаласы мен Ащысайдың құрылу тарихына екпін берген. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде аймақ тұрғындарынан жинақталған мәліметтерді кітап етіп жарыққа шығарған. Онда тарихи сұхбаттар мен Ащысай полиметалл комбинатында еңбек еткен азаматтардың естеліктері жинақталған. Жиында осы оқулықтардың тұсаукесері өтті.

Оқулықта тау-кенкомбинатының қалыптасқан тұстағыхалықтың әлеуметтік жағдайы мен күнделікті өмірі айнадай бейнеленген. Депортациялық жолмен көшіріліп, кейін өз Отанына қайта оралған поляк азаматтарының да тарихы бар. Кітапты шығару үшін ғалымдар 4 жыл бойы 50-ге жуық тұрғынмен сұхбат жүргізген.

Жиын барысында университет қызметкерлері кітаптағы құнды мәліметтермен бөліскен тұрғындарға алғысын білдірді. Жарық көрген оқулықтың негізі халықтың жадында естеліктер екенін алға тартты. «Біз бар болғанытұрғындардың ойындағысын бүкіл азаматпен бөлісуге тырыстық» дейді ғалымдар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 478 рет