Сенбі, 18 Сәуір 2020 20:19

Шымкент: қашықтықтан оқыту форматы студенттердің босаңсуына жол бермейді

Мәселен, Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы институты өзінің 1854 студентін қашықтықтан бақылап, ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім беруде. Ол үшін қолданыстағы платформа мен сервердің сыйымдылығын арттырыпты. Осы арқылы шәкірттерінің сапалы әрі алаңсыз білім алуына жағдай жасаған.

М.Сапарбаев институты COVID-19 коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Дегенмен, институт карантин жарияланғанға дейін «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйе көмегімен қашықтықтан оқытуды енгізген. Сол себепті де жаңа жүйені қолдану олар үшін қиын болмаған.   – COVID-19 пандемиясына байланысты қашықтықтан оқытуға жедел көшу үшін қолданыстағы платформа мен сервердің сыйымдылығы артты, бірқатар техникалық мәселелер шешіліп, Интернетке кең жолақты қол жетімділік ұйымдастырылды – дейді М.Сапарбаев атындағы институтының ректоры Ерлан Оңласынов. Қазір институтта 1854 студент қашықтықтан білім алуда. Барлығы 189 пән оқытылады. Дипломалды қорғау жұмысы да қашықтықтан өтуде.Электронды базада барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқу материалдары орналастырылған. Сабақ кестесі бойынша "Online", "Ofline"  режимінде  сабақ өтеді. Оқытушылар мен студенттердің арасында  дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар Zoom, Webex, Instagram, WaathsApp сынды платформалар арқылы өтіп жатыр. Институтта сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша да табысты жұмыс жүргізілген.

- ISO 9001 халықаралық стандартының талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу үшін Еуропалық даму және қайта құру банкі институтқа Грант ұсынды (1480000 теңге сомасына). Институтта сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша табысты жұмыс жүргізілді, осы стандарт талаптары бойынша барлық құжаттама өңделді, институт бөлімдері арасында электрондық құжат айналымы ұйымдастырылды. Институт білім беру сапасын жақсарту мен арттыруға үлкен көңіл бөліп отырады. Ол үшін оқытушылардың сабақ өткізу және студенттердің тапсырмаларын орындау мониторингі сауалнама арқылы анықталады. Сонымен қатар, студенттердің әрдайым оқытушымен байланысуы үшін Call-центр жұмыс істейді – дейді институт ректоры.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 532 рет