Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 19:57

Түркістан қаласы колледждерінің студенттері алдыңғы қатарда

Түркістан қаласы колледждерінің студенттері "Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ 100 студенті" жобасының жеңімпаздары атанды.

Осы ретте, өздерінің белсенділігін танытып, қаланың дамуына және ерікті ретінде Түркістанның таза қалаға айналуына, сондай-ақ өз өнерімен мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген жастарымызды құттықтаймыз!

Қуандық Нұрайым Ержігітқызы - Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі, «Бастауыш білім беру» мамандығының 4 курс студенті;

Садилла Бек Мұхтарұлы - Түркістан жоғары медицина колледжі, «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті;

Тажиев Сирожиддин Фархадович - Түркістан жоғары медицина колледжі,

«Стоматология» мамандығының 4 курс студенті;

Мырзагельдин Айбар Алиакбарұлы - Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті.

Республика бойынша үздік деп танылған рухани шаһардың білімгерлерін құттықтай отырып, Түркістанның абыройын асқақтатқандары үшін алғыс білдіреміз! Білім саласында жолдарыңыз ашық және өз ісінің шебері болуға тілектеспіз! 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 511 рет