Шымкент: «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауында Абай ауданының балалары бақ сынады

«Qazaq Epos» республикалық қоғамдың қорының жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Шымкентте қызу өтіп жатыр. Қала бойынша 116 мектептен тіркелген 1094 оқушы өзара мықтыларын анықтауда. Бұл жолы Абай ауданының балалары жобаның бірінші кезеңінде бақ сынады. 

Шымкент: «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысуға 116 мектептен 1094 оқушы, 610 мұғалім тіркелді

Шымкент қаласындағы мектептердің 6-10-шы сынып оқушылары арасында республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы ұйымдастырылуда. Қатысушылар 132 беттен, 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Жиынға қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу