Түркістанда балалардың қиялынан туған ертегілер жинағының тұсауы кесілді

Бүгін «Фараб» кітапханасында «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы өз мәресіне жетті. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған 18 бала сынға түсті. Байқау барысында қатысушы балалардың қиялынан туған ертегілер жазылған жинақтың тұсауы кесілді. 

Түркістан: колледждерде білім сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар жанданады

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Жалпы облыста – 42 860 студент, оның ішінде 30 мыңнан астам студент мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда.

Түркістан облысының ұстаздары Жапонияның білім беру жүйесін меңгеруде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім сапасын күшейтуде озық тәжірибелерді сараптап енгізу мен облыста салынатын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына мазмұн тұрғысынан дайындығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы ретте Түркістан облысының делегациясы Жапония еліне іссапармен барды.

Түркістан: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 63 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Аталған 63 мектептің ішінде 300 орындық - 11 мектеп, 600 орындық - 25 мектеп, 900 орындық- 15 мектеп, 1200 орындық - 6 мектеп, 1500 орындық – 4 мектеп, 2000 орындық - 2 мектеп бар. Нәтижесінде 49 мың оқушыға мектептен орын дайындалады.

Түркістан: облыс әкімі «Арманда» білім беру форумының жетекшілерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Арманда» республикалық форумын өткізу үшін Түркістан өңіріне келген белгілі медиаменеджер Арман Давлетяров пен қоғам белсендісі, танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызымен кездесті.

Түркістан: Жетісайда «Жайлы мектеп» бағдарламасымен 3600 орындық 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Жетісай ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінде 900 орындық, Жетісай қаласында 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округінде 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде 600 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Түркістан: облыстық «Фараб» кітапханасы республика бойынша үздік атанды

Ақтау қаласында Қазақстандық Кітапханалық Одақтың көшпелі жұмыс отырысы және Қ.Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдығына арналған «Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үдерістер» тақырыбында конференция өтті.