Сауран ауданында «ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы іске қосылды. Жылжымалы кітап пункті аудан әкімдігінің ғимаратында ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаев пен мәдениет тілдерді дамыту, денешынықтыруы және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Құндызай Налшиева арнайы қатысып, сөреге қойылған бірқатар кітаптармен танысты.

Сауранда Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия ашылды

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, жерлесіміз Қасымхан Бегманов атындағы мектеп-гимназия және бөбекжай-балашасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Сауранда облыстық кітапханашылар слеті өтті

Сауран ауданында «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақпараттық мәдениет – кітапханашы, оқырман, кітап» атты Түркістан облыстық кітапханашылар слеті өтті. Шараға Облыстық мәдениет және туризм басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің маманы Нұрдәулет Сұлтанбек, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және 17 аудан-қаладағы кітапхана делегациялары қатысты.

Түркістан: егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру үшін топырақ құнарлылығын арттырудың маңызы зор

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының Ясауи білім тарату орталығының директоры Битөре Жұмақанов мәлімдеді.

Сауран ауданы: білім және денсаулық сақтау салалаларының өзекті мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

БИЫЛ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ШЫМКЕНТТІК 9 ОҚУШЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаламыздың білім деңгейін халықаралық додаларда көрсетіп жүрген оқушылардың және олардың жетекшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәжілісінде қалалық «Дарын» орталығының директоры Раушан Омарханқызы Джеренова қаламыздағы білім беру мекемелерінен дарынды оқушыларымызға көптеген мүмкіндіктер бар екендігін айтты. Жыл сайын қаламызда түрлі пәндік, ғылыми және зияткерлік конкурстар, халықаралық олимпиадаларға 70000-нан астам оқушы қатысуда. Пәндік олимпиадалар 4 кезеңнен тұрады. Мектепшілік, аудандық, қалалық және республикалық кезең. Пәндік олимпиадалар жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өтеді.
Раушан Омарханқызының айтуынша, дарынды балаларды қолдау, дамыту және әлеуметтендіру өте маңызды. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес Шымкент қаласының олимпиадалық командасы халықаралық олимпиадалардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ең үздік олимпиадалық командасы болып танылған. Бұл қаланың басты жетістігі мен мақтанышы. Биыл республиканың құрама командасының қоржынына Шымкент қаласының 9 оқушысы 2 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль салды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дарынды балаларды қолдау мақсатында биыл алғаш рет халықаралық зияткерлік сайыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар беріледі. Алтын медаль алған оқушыға 1500 АЕК, күміс медальға 1000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Мектеп оқушыларын жарысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы беріледі.
«Басқа елдердің оқушыларымен бәсекелесу өте қызықты, маған математикадан есептерді шешу өте ұнайды, өйткені оларды әртүрлі елдердің үздік жетекшілері құрастырады. Әдетте, барлық тапсырмалар күрделігіне қарай тәртіппен жүреді. Үшінші категорияны шешу ең қызықты, олар креативті болады. Олимпиадаларда мен жауапкершілікті сезінемін, өйткені мен өз елімді, Қазақстанды таныстырамын», - деді 2023 жылы Белград қаласында өткен Еуропалық ЕgeO олимпиадасының күміс медаль иегері Серікбай Қанат Асхатұлы.

Түркістан облысының ауыл кітапханаларына 26 мың кітап үлестірілді

Түркістанда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шарасының қорытынды кеші өтті.