Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен әсем ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонағы, қазақ эстрадасының жұлдыздары, жетісайлық Асан Пердешов пен Жолдасбек Әбдіханов қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі, арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату, қол күресі мен садақ ату, гіртасын көтеру сынды ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Ал екінші күні ауданның шығармашылық өнер мектептері бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы мен «Асықата» халық театрының көріністері көпшілік назарына ұсынды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат