Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 16:07

Түркістан облысы: Теріскейде аламан айтыс өтті

«Сырлы Созақ». Осындай тақырыппен бастау алған республикалық ақындар айтысы Теріскейдің 90 жылдық мерейлі мерекесіне арналды. 

Салтанатты шараға көршілес елдің де жүйріктері қатысты. Алқалы жыр бәйгесінде бас жүлдеге жерлесіміз Жарқынбек Наушабеков қол жеткізді. Жыр додасында ақындар туған жер, елге құрмет, ұлттық құндылықтарды ұлықтады.  Қатысушылар жыр маржанын Астана қаласының 20 жылдығы мен Созақтың 90 жылдығына арнады.

Суырып салма ақындар  бәсекесінде 9 өнерпаз сынға түсті. Әр ақын қоғамдағы ақиқатты жыр жолдарымен астарлап жеткізуге тырысты. Көрермендер қатысушылардың мұндай тапқырлығына таңдай қақты.

Үміткерлердің арасынан оза шапқан Жарқынбек Наушабеков бас жүлде иегері атанды. Жеңімпазға 1 млн. теңгенінің сертификаты табысталды. Бірінші орынды созақтық Қалижан Білдәш иеленді. 2-жүлдеге Павлодар қаласынан келген Аспанбек Шұғатаев қол жеткізді. Ал соңғы, үшінші орынға  шымкенттік ақын  Нұрлан Есенқұлов тұрақтады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 972 рет