Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 15:34

Түркістан облысы: Созақта Алтын күз -2018 байқауы өтті

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі және Сызған ауыл округі жастар ісі жөніндегі әдіскері М.Маханбетовтың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасы аясында «Алтын күз – 2018» байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азаматтар мен азаматшалар қалыптастыру және күз ханшасымен, ханзадасын анықтау болды. 2 сағатқа жоспарланған байқау барысында жастар өлең айтып, күй тартты және сонымен қатар байқауға қатысушы үміткерлер 4 бағдарлама бойынша сайысқа түсті.

Бірінші бағдарлама бойынша өзін-өзі таныстыру, екінші бағдарлама бағдарлама қолөнер (әртүрлі қолөнер бұйымдарын үйінен даярлап келу), үшінші бағдарлама бойынша өз өнерін көрсету (ән, би, өлең оқу, т.с.с), ал төртінші бағдарлама сән үлгісін көрсету болды. Байқау өте тартысты және жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың тыңғылықты дайындалғаны көрініп ақ тұрды.Байқау жеңімпаздары бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1133 рет