Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 14:31

Түркістан облысы: Келес ауданында «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті

Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі, қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті. 

Мерекелік іс-шара Келес халық театрының «Түркістанның жаңғыруы» көрінісімен бастау алды. Өткізілген мерекелік кешке ауданның әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев қатысып, Келес халқын құттықтады.

Гала-концертке елімізге танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Ақбота Керімбекова, Сержанәлі Әлібеков, «Наркескен» тобы және Заттыбек Көпбосынұлы қатысып, әннен шашу шашып, өз өнерлерімен жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек мерекелік кешке жиналған қалың бұқараға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін «Жайдарманның» чемпиондары «Сырдария құрамасы» келді. Ал мерекелік кеш Келес ауданның мәдениет үйінің өнерпаздары және «Келес» тобының керемет әндерімен жалғасын тапты.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1034 рет