Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 15:34

Шымкент: Қала әкімі қарттарды ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Қарттардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетілді. 

Шарада қала басшысы ҰОС ардагерлерімен және ел ағаларымен сұхбаттасып, әлеуметтік мәселелер бойынша пікір алмасты. Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері маңызды екенін айтқан Ерлан Қуанышұлы барша ел ағаларын ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 80 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың ішінде 46-сы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 4131-і — тыл еңбеккері. Ал10 мыңнан астамы «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар.

Шаһардағы ардагерлерге «Қамқорлық» акциясы шеңберінде қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылып келеді. Сонымен қатарқарттарымызды сауықтыру және денсаулығын бақылау мақсатында жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бес мыңнан астам ардагер денсаулығын түзеуге мүмкіндік алады.80 жастан асқан жалғызілікті 160 қарияның зейнетақыларына үстемеақы төленеді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 778 рет