Сәрсенбі, 13 Қараша 2019 08:31

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында түрік диаспорасы өкілдері өмірден өткен жандарды еске алды

Бүгінде еліміз көпұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай ұлт пен ұлыстың өз отанына айналып отыр. Солардың бірі – түрік халқы. Көк туымыздың астында ынтымақ-бірлікте, сыйластықта өмір сүріп жатқанына 75 жыл толғалы отыр. 

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, дүниежүзілік түрік қауымдастығы төрағасының Түркістан облысындағы өкілі Яша Чилингаров, Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтпай Қасымбек, аудандық ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері, Түлкібас аудандық түрік этномәдени орталығының мүшелері, Түркістан облысының этномәдени орталықтарының өкілдері және ауданымыздың зиялы қауым өкілдері аудан орталығында бас қосып, өмірден өткен жандарды еске алды. Кездесу барысында жиналған көпшілік Тұрар Рысқұловтың 125 жыл толуына орай Тұрар Рысқұлов ескерткішіне және Ұлы Отан соғысы жылдары елім-жерім деп от кешкен жандарға арнап «Соғыс ардагерлері аллеясына» гүл шоқтарын қойып, бас иіп, құрмет көрсетті. Ұлтаралық достық пен татулықтың мекеніндегі шара Түркібасы әулиесінде жалғасын тапты. Бұл жерде жиналған қауым әруақтарға құран бағыштап, ел елеулілері тарихтан сыр шертті.

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 26-дан астам диаспора өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 892 рет