Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 22:08

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 3D-тур арқылы тамашалауға болады

   

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде  2019 жылдан бастап Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылғаны белгілі.

   Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және  3D-тур (http://dp.azretsultan.kz/) арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды http://azretsultan.kz/ сілтемесі арқылы тамашалауға мүмкіндік қарастырылған.

   Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК-ның қысқаша тарихы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сəулет ғимараты музейі» болып ашылған. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР министрлер кеңесінің № 265 қаулысымен «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі» болып құрылып, ҚР Үкіметінің 24.07.2015 жылғы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы №585 қаулысымен «Əзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы» РМҚК болып қайта құрылған.

 

Оқылды 807 рет