Сенбі, 25 Желтоқсан 2021 17:00

Түркістанда детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысында детектив шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға екі тілде жүзден астам шығарма түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр.

Қазақ прозасының кенжелеп қалған жанрын жандандыру мақсатында өткізілген байқауды «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды.

Әділқазылардың шешімімен жүлделі орындар үздік шығармалардың иелеріне берілді.

Түркістан облыстық сотының төрағасы Тұрысбек Мыятбековтың арнайы екі жүлдесі Көсемәлі Сәттібайұлы мен Әлия Байбатыроваға тапсырылды.

Ал, Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының арнайы жүлдесін Алпысбай Әбділұлы иеленді.

Ынталандыру сыйлықтарын Дидар Амантай, Қабыл Дүйсенби, Заман Төлеуов пен Айжан Слямбаева жеңіп алды.

Үшінші орынға Мариям Әбсаттар мен Жадыра Шамұратова, Ербол Бейілхан лайық деп танылды.

Екінші орын Назира Ғизатқызы мен Әмірбек Шаймағамбетовқа бұйырды.

Бірінші орынды Абай Аймағамбет жеңіп алса, бас жүлде Нұрлыбек Саматұлына тапсырылды.

«AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 418 рет