Сәрсенбі, 15 Тамыз 2018 12:10

Шымкентте «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби кеш өтті

Қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының туылғанына 173 жыл толып отыр. Осы датаға орай Шымкентте «Абай ұлы даланың рухани өлшемі» атты әдеби әуенді кеш өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Абай ауданы әкімі аппараты мен Абай атындағы орталық кітапханасы екенін айта кетейік.

Іс-шараға Абай ауданы әкімінің орынбасары Г.Ташимова, ақын, жазушы Сабырбек Нұрманұлы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сапар Өтемісұлы, «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың» аға ғылыми қызметкері Көшербай Еділбай Шүкіртайұлы, опера және балет театрының әншісі О.Жақсыбек, ауыл билері және аудан тұрғындары қатысты.

Іс-шара Абай атамыздың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталып, келген қонақтар «Хакім Абай» мұражайын аралады. Сондай-ақ, іс-шара барысында Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдері оқылып, мерекелік концертке жалғасты. Абай ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 1238 рет