Түркістан облысында 900 мың гектарға жуық жерге көкөніс, бақша дақылдары мен егін егілуде

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын ала түсті. Осы салада нендей мәселелер бар? Жоспарлар қандай? Осы және өзге де сұрақтарға облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде жауап берілді. Өңір басшысы ауыл шаруашылығына тиісті көңіл бөлініп, жеңілдетілген жанар-жағармай, тыңайтқыштар мәселесі жылдағыдан ертерек шешімін тапқанын айта келе осы игілікті үйлестіріп, шаруаларды қолдау керектігін жеткізді.

Ордабасы ауданында су үнемдеу технологиясы енгізгілген жер көлемі 4 272 га жеткен

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша жиын өтті. Жиынға инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы Жомарт Бердіхан, “Omad start” кәсіпорны директорының орынбасары Алишер Шәметов, ауданның және Бәйдібек ауданының агроқұрылым төрағалары мен шаруалар, ауыл әкімдері, тиісті бөлім мамандары қатысты.

Созақ ауданы: биыл аудандағы 21 нысанға 6,8 млрд теңге бөлінген

Биылғы жылы ауданның әлеуетін арттыратын 21 нысанға 6 миллиард 808 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге артып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Мағауия Тұрысбеков және Бегімбет Байғараевтың тұрғындармен өткізген есептік кездесуінде баяндалды.

Сауран ауданында ұлттық құндылықтарды сақтау этносаралық татулықты насихаттау тақырыптарында кездесу өткізілуде

Сауран ауданы бойынша ұлттық құндылықтарды насихаттау, этносаралық татулық пен тұрақтылықты сақтау, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, түрлі діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме топ өкілдерімен Ораңғай елді мекенінде М.Әуезов жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен, Сауран аудандық "Спорт клубы" КММ мен, ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Сауран ауданының әкімі санитарлық тазалық жұмыстарына барынша ден қоюды тапсырды

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Шымкент ЖИТС-тің алдын алу бойынша үздік үштікке енді

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді.