Шымкентте қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылды
Жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысына сәйкес, тұрақты №61, №143 және №180 бағыттарына 1 наурыздан бастап өзгерістер енгізілді.
Жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысына сәйкес, тұрақты №61, №143 және №180 бағыттарына 1 наурыздан бастап өзгерістер енгізілді.
Кезекті бірыңғай қабылдауда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 50 тұрғынды қабылдап, түрлі салаларға қатысты арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарастырды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдаулар уақтылы көрсетілуде, бұл мәселе қатаң бақылауға алынған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Қамқорлық» орталығында ауданның белсенді, өнерлі, спортшы жастарымен кездесіп, пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында сайлау комиссиясының жұмыс жоспарымен таныстырып, елімізде өтіп жатқан сайлауларды әділ және ашық өткізу жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
Қалалық №2 ауруханада эпилепсия диагнозы қойылған 25 жастағы науқасқа ота жасалды. Консервативті ем нәтижесінде ауруы асқынған тұрғынның бас миында ісік анықталған.
Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісімшартқа отырып жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.
Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады. Бүгінгі күні «Қазсушар» оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісімшарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.
Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатылмақ. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат
Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты "Ордабасы" жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында және "Даналық мектебі" жұмысын жандандыру мақсатында «Біртұтас тәрбие: Ата-ана құзіреттілігі - бала болашағы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар болып өтті.
Таяуда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының мәжіліс залында ауданның жеке кәсіпкерлерімен кездесу өтті.