Шымкентте 12 шақырым су құбыры жаңартылды

Шаһарда тозығы жеткен су құбыры желілері инвестициялық бағдарлама аясында жаңартылуда. Осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау бойынша кезекті баспасөз-туры ұйымдастырылды. Шымкент қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары Бақтияр Қыдырбаев БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндады.

Шымкентте тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылады

Шымкент қаласында бүгінде 93 761 зейнеткер бар. Оның ішінде ҰОС ардагері – 2, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгені – 2 106, тыл еңбеккері - 1 729. Мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек қаржысы 17 528 адамға өз тәртібімен төленіп жатыр. 

Келешекке арналған жоба

АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бұрын-соңды жасап көрмеген ісіміз болған соң күмәндану – адами түйсікке тән құбылыс. Бірақ жөнсіз қорқынышқа жол берудің тағы орайы жоқ дейді кәсіби мамандар. Көпшілік айтып жүрген көп түйткілдің екеуі – АЭС-ке жауапты жергілікті мамандардың даярлығы және мәселенің экологиялық қыры жөнінде сарапшылар пікірін білудің сәті түскен еді.

Шымкентте Ұландық жауынгерлер отбасы күнін тойлады

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні мерекесі ретінде тойланады. Оның басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, дәріптеу, отбасынан бастау алатын адамгершілік, қайырымдылық, үлгенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адам жанының асыл қасиеттерін ұрпаққа насихаттау.

Шымкент қаласының әкімі: Әр әкім өз ауданындағы жағдайдан хабардар болып отыруы керек

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Шымкент арқылы өтетін транзиттік рейстер саны артып келеді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазіргі таңда қала әкімдігі Шымкентті Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар жүк тасымалдаушыларды тарту бойынша да жетістіктер бар. 

Шымкентте АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды

Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында бірікті. Халықтық штабтың алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары бекітіліп, межелі мақсаттар нақтыланды.