Super User

Super User

ФАО Түркістан облысындағы фермерлерді пестицидтердің мөлшерін азайтып, «таза» өнім алу жолдарын үйретеді

Аграрлық сектордың дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Түркістан облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан егін шығындарына ұшырауда. Қоңыр мәмәр қандала және т.б. жаңа қауіп тудырады.

Түркістан облысындағы сұйылтылған мұнай газ мәселесі тұрақты бақылауда

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газ мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Осы ретте, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыстағы сұйытылған мұнай газының жетіспеушілігіне қатысты кеңес өтті. Аталған жиынға газ таратушы ұйымдар, газ өндіруші зауыт, құқық қорғау органдарының және жауапты сала өкілдері қатысты.

Түркістан облысында қоршаған ортаны ластағандар айыппұл төледі

Республика бойынша «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жүргізіліп келеді. Түркістан облысында аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аталған акция аясында бір апта көлемінде өңірде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Түркістан: ғаламтор сапасын жақсартып, ІТ саласын дамыту жолдары сараланды

Түркістан облысы әкімінің апталық мәжілісінде өңірді сапалы ғаламтормен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға ІТ саласын дамыту, жолдардың бойынша интернет байланысын күшейту, ауылдарда байланыс сапасын жақсарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Байланыс операторларының жауапкершілігін көтеру, солармен бірлесе жұмыс істеу, инвестиция тарту мәселелері де сөз болды.

Осы RSS каналға жазылу