Super User

Super User

Түркістан облысында «Отбасын қолдау секторлары» 10-ға жетті

Түркістан облысында отбасын қолдауға, нығайтуға және қорғауға бағытталған «Отбасын қолдау секторлары» қызметі іске қосылған. Секторлар облыстың 10 аудан, қаласында ашылды. Бұл саладағы мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған.

Түркістан: Отырар ауданындағы «Жайлы мектеп» жобасының құрылысы бақылауда

Отырар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Сейтжанов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек Шәуілдір ауылында салынып жатқан жайлы мектеп құрылысының жоспарлы орындалу барысын бақылады.

Түркістан облысы: Ордабасыда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен спорттық-сауықтыру кешені салынып жатыр

Ордабасы ауданында өткен БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур аясында журналистер Темірлан елді мекеніндегі 250 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Нысанның құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Спорттық кешен жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, тілшілер Темірлан ауылындағы Самал-3 мөлтек ауданындағы коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы және аббаттандыру жұмыстарымен танысты. Қазір онда 1 қабатты, 2 бөлмелі 26 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Ордабасыдағы тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім дайындайды

Ордабасы ауданы Түркістан облысындағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан алдыңғы қатарлы өңірлер қатарында. Биыл сәуір айында Бадам елді мекенінде ашылған тігін фабрикасы да ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосарына күмән жоқ. Таяуда БАҚ өкілдері «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.

Осы RSS каналға жазылу