Шымкентте жасыл желектің қатары қалыңдап келеді

Шымкент қаласында жасыл желек аумағы жыл сайын ұлғаю үстінде. Егілген қоғамдық баудың көлемі бүгінде 100 гектардан асты. Биыл ағаштар алғашқы жемісін беріп үлгерді. Аптап ыстыққа қарамастан мыңдаған гектар алқапқа егілген дарақтар суарылып, күтіп-бапталып жатыр

Шымкентте «Этно Шымкент» туристік көрмесі өтті

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің түкпір-түкпірінде іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Шымкент қаласында да әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі ретінде қаладағы Әл-Фараби атындағы алаңда өткізілген «Этно Шымкент» туристік көрмесін айтуға болады.

Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі мерекелік шара ұйымдастырды

Кеше Шымкент қаласындағы №54 жалпы орта мектептің базасында Балалар көркемсурет мектебіне қарасты «Шұғыла», «Арт Шайн» аула клубтарының «Бізге – 5 жыл!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 

Жалпы, жиынның мақсаты – аула клубының жұмыстарын көпшілік назарына ұсыну, балалардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ Балалар көркемсурет мектебіне қарасты аталмыш аула клубтарының ағымдағы жылда атқарған жұмыстарын қорытындылау. Іс-шара екі бөлімнен құралды.

Алғашқы бөлімде жұртшылық үйірме оқушыларының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған «Жарқын жолға нық қадам!» тақырыбындағы көрмесін тамашалады. Мұнан соң ұстаздар қауымы керемет шеберлік сыныптарын көрсетіп, өнер әлемінің сұлулығымен көпшілікті тамсандырды.

Екінші бөлімде аула клубының өнерпаздары ән мен биден шашу шашса, бокс, каратэ үйірмесінің тәрбиеленушілері өзін-өзі қорғаудың қыр-сырымен көрермендерді тәнті етті. Ал көрермендер «Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебінің жанынан ашылған аула клубтары ұйымдастырған «Бізге – 5 жыл!» тақырыбындағы мерекелік жиын өз деңгейінде өтті» деп бағасын берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Шымкент: қала әкімдігі ескерткішті жаңа орынға көшірмек

Сөйтіп, Ұлы Отан соғысында (ҰОС) қаза тапқан атақты қорғасын зауыты қызметкерлеріне қойылған ескерткіш Ломоносов көшесінде орналасқан Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектептің аумағына көшірілетін болды. Мұндай шешімді қала әкімдігі қабылдады. 

Шымкент: қала әкімі «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шараға қатысты

Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аймағында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген 350-ге жуық жеткіншекке сый-сияпат жасалды. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады. 

Нұрлан Архабаев: Арбат құрылысы театр саябағына залал келтірмейді

«Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров және Бейбітшілік көшелерінде екі Арбат құрылысы басталады» деген әңгіме шыққалы, облыстық орыс драма театры ұжымынан маза қашқан. Өйткені «Мәдениет ошағының бір бөлігі сүріледі-міс» деген сөз мұндағы қызметкерлердің құлағына да жеткен.