Түркістан: келестік кәсіпкер әйел бизнесін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Жалпы еліміздегі нәзік жандылар бизнес саласын сәтті игеріп жүр. Бұған мемлекеттен берілетін жеңілдіктердің көмегі тиіп жатыр. Соның бірі Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Әйгерім Мамытбаева.

Түркістан облысы: сенбілік жұмыстарына шардаралықтар да белсене қатысып жатыр

Түркістан қаласындағы сенбілікке шардаралықтар да белсене қатысып, облыс орталығын абаттандыру ісіне өз үлестерін қосуда. Бүгінгі өткен сенбілікте қала, ауыл округтері мен мекеме қызметкерлері облыс орталығы – Түркістандағы 46 көшеде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Түркістан: Мақтааралда ауған соғысының ардагерлері жаңадан ансамбль құрды

Мақтаарал ауданы "Мақтаарал" мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған концерттік кеш өтті. Жаңадан құрылған "Қазақстан ардагері" атты вокалды инструментальды ансамблі тұсау кесер концертін "Ерлікке тағзым" деп атапты.

Түркістан: отырарлықтарға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жайы түсіндірілді

2020 жылдан бастап көп балалы отбасыларға табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан тұрғындарымен өткен семинар кездесуде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.

Түркістан облысы: мақтааралдық полицейлер адам өмірін сақтап қалды

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Онда Атакент кенті бойындағы су каналында белгісіз көліктің аударылып жатқаны көрсетілген. Осы сәтте, сол аймақта кезекшілікте жүрген полицейлер оқиға орнына шұғыл түрде жеткен.

Түлкібас ауданында мердігер мекемеге кемшіліктерді қалпына келтіру тапсырылды

«Сапалы жол — Түркістан Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен кезекті мониторингтік бақылау жұмыстары Түркістан облысы Түлкібас ауданының мемлекеттік бюждет қаржысы есебінен салынған ішкі жолдарының көшелеріне жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз. Тексерудің нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, мердігерге сол кемшіліктерді қалпына келтіру туралы тапсырма берілді.

Түркістан: Келес ауданының полицейлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Полицейлер «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оларға қатысты қылмыстарды болдырмау аясында Келес АПБ-нің Жергілікті полиция қызметінің ЮПТ-ның мектеп инспекторы полиция майоры Э.Есенкулова, №3 А.Молдағулова атындағы жалпы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында жиналыс ұйымдастырды.

Түркістан: Көші-қон қызметі 2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен

Бүгінгі күні Түркістан облысы ПД көші-қон қызметімен 17 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады, оның ішінде 11-і ІІО көші-қон қызметі және 6-ы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен көрсетіледі.