Түркістан облысы: Кентауда «Тілдарын-2019» байқауы өтті

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын-2019» байқауы өтті. Байқауға қала және ауылдық округтерден 22 ағылшын тілінің мамандары қатысты.

Түркістан облысы: Кентауда атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері түсіндірілді

Кентау қаласы әкімдігі ғимаратында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айтбаев Бақытжан атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдері мен жаңа ереже талаптары туралы ақпараттық түсіндірме жиынын өткізді.

«Түркістан – тазалық мекені» эко челленджі ұйымдастырылды

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістан - тазалық мекені» эко челленджі ұйымдастырылды. Челленджге сектор тұрғындары, жастар мен қоғамдық даму басқармасының қызметкерлері барлығы 100-ге жуық азамат қатысты.

Түркістан: Арыста «Ислам ізгілікке бастайтын дін» тақырыбында дәріс оқылды

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі –дін және діни қақтығыстар мәселесі. Ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі дінімізді бірнеше тармаққа бөліп алып, ойына келгенді істеп жүрген қандастарымызды жат ағымдардың жетегінен алып шығу мақсатында Арыс өңірінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Арыс қаласында

Түркістан облысы әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, халыққа мәдени, рухани, діни тұрғыда түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Арыс қаласына келді.

Түркістан: «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Ордабасы ауданына табан тіреді

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Ордабасы аудандық терроризмге күрес комисиясының және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.

Түркістан: Ордабасы ауданында электрондық үкіметтің жаңа мобильдік қосымшасы туралы түсіндірілді

Ордабасы ауданы әкімі аппараты мен халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен электрондық үкіметтің «Е-gov mobile» жаңа мобильдік қосымшасын қызметкерлер арасында түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Түлкібастық кәсіпкер әйел кондитерлік цех ашты

Бүгінгі кейіпкеріміз Ералиева Маржан есімді кәсіпкер әйел. Ол 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуды оқып, 3 млн. теңге мемлекеттік грантқа ие болған.

Түлкібаста eGov mobile электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы насихатталды

Түлкібас ауданында таяуда «eGov mobile» жаңа мобильді қосымшасын насихаттау мақсатында аудан әкімдігі және ХҚКО мамандарының ұйымдастыруымен дербес бөлімдердің, ауылдық округ, кент әкімдіктерінің жауапты мамандарын қатыстыра отырып семинар-тренинг өтті.