Super User

Super User

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖАНДАНДЫ

Бүгін Д.Қонаев даңғылының жалғасы көлік қозғалысы үшін ашылды. Бүгінде аталған нысанда құрылыстың ІІІ кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қонаев даңғылының құрылысын бақылап, жұмыс барысын тексерді. Д.Қонаев даңғылы қаладағы көлік ағыны жоғары магистралды жолдың бірі. Қазіргі сәтте құрылысы аяқталмаған даңғылдың Терешкова көшесінен Бекет көшесіне дейін аралығы көлік ағынын оңтайландыру үшін іске қосылып отыр. Құрылыс жобасы бойынша Қонаев даңғылының ІІІ кезеңінде ұзындығы 561,2 метр, ені 42 метрді құрайтын жол салынады. Жобаның үшінші кезеңі 2020 жылы басталып, жұмыс шеңберінде теміржол мен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Сондай-ақ, жол жиегіндегі инженерлік жүйелерді ауыстырылады. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында тұрақты түрде техникалық қадағалау эксперттері бекітілген. Ұлттық сапа орталығымен орындалған жұмыстар мен материалдарға сараптама жүргізіліп отырады. Естеріңізге сала кетейік, қала тынысы үшін маңызды болып табылатын Қонаев даңғылының Рысқұлов-Қонаев  бөлігікөлік қозғалысына өткен жылдың қазанында ашылды. Жолдың құрылысы мерзімінен 1 жылға ерте аяқталды. Жолдың ұзындығы - 1 030 ал ен 45 метр. Ол жерден енді тәулігіне 100 мыңдай көлік қатынай алады. 

Негізінде Қонаев даңғылындағы жолайырықты салу ісі жоба бойынша екі жылға жоспарланған еді. Бірақ қаладағы көлік кептелісін ескерген шаһар әкімі жол салу ісін 1 жылда аяқтау туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес жұмыс күшейтілген тәртіп жүргізілді. Жер асты жолын салу үшін бірнеше инженерлік жүйелер атап айтқанда су, газ, электр жарығы, байланыс желілері ауыстырылды. Жалпы жол айрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 141 720  құрайтын болады. Бұдан бөлек, биыл 190 нысан немесе 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымынан астамын пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

МЕГАПОЛИС ҚАУІПСІЗ ӘРІ ЖАЙЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

«Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биылда қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген», - деді М.Әйтенов брифинг барысында.  Сонымен бірге, халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған. Айта кетейік,  қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскеде 1677 «Сергек» ақпараттық комплекс жүйесі камераларымен қамтылды. Ал, қоғамдық қауіпсіздік аясында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылып қаланы шолу 3 есеге көбейді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының 29 жанданған көше қиылысында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Әр көше қиылысында күн сайын таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта, яғни жолдарда көлік ағымы көп болған кезде, Патрульдік полиция полкінің екі қызметкері кезекшілік етеді. Осылайша полицейлер көлік кептелістерінің уақтылы алдын алуда, сонымен қатар қала жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны біршама азайды.Былтырғы жылдың деректеріне көз салсақ, шалғайда орналасқан 40 елдімекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдары жарықтандыруды қажет ететін.  25 мектептің дәретханалары сыртта орналасқан. Осы орайда: 

  2021-2023 жылдарыонлайн-режимдежұмысжасайтын 2000 бейнебақылау камерасы іске қосу;

2020 жылы 133 мектептеішкібейнебақылаукамераларын орнату;

Жолқозғалысынреттейтін 1000, қоғамдыққауіпсіздіктібақылайтын 500 камера орнату;

2020-2021 жылдары 25 мектептіңдәретханаларымектепғимаратыныңішіне орналастыру;

2020-2021 жылдарықаладағы 4 аудандықполициябасқармасыныңжанынан«Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашу жоспарланған.

Сондай-ақ, қаладағы барлық көшелер мен аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылады.

 

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

ШЫМКЕНТТЕ 2 ЖОЛАЙРЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобалардың құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 190 нысан немесе 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымынан астамын пайдалануға беру жоспарда бар. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі.

Оның ішінде құрылыс, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. 164 көше орташа және 187 көше күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 150 орынға аялдама орнату және аудан әкімшілігі тарапынан бекітілген көшелерге шағал тас төсеу жоспарлануда. Он магистральды көшенің төртеуі жаңа, алтауы өткен жылдан өтпелі құрылыстар. Сондай-ақ, қалада биыл 122 шақырым жолға шағал тас төселеді.Сонымен бірге, қазір қалада 2 жолайрық құрылысы салынып жатыр. Биыл Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға беріледі. Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығының құрылысы басталды, келер жылы аяқталады.

2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі осы жылы 64,7 пайызға, 2025 жылы 79 пайызға жетеді. Қалада 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылыпты.Жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр.
Естеріңізге сала кетейкі, 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған. 

 

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов тұрғындардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысы жөнінде толығырақ мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. 3 елдімекен ауыз суды кестемен тұтынып келеді.Атап айтқанда, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алаптары. Қазіргі таңда қалада ауыз су бағыты бойынша барлығы 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысымен Құрсай 1,2, Асар-2, Нұртас ВС, Текесу елдімекенінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 11 мыңнан астам адам ауыз сумен қамтылады. Осылайша, қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %-дан 99%-ға жетеді. Жоспар бойынша 2023 жылы Шымкентте ауыз су мәселесі толығымен шешіледі.

Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек.

Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі.

Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі.

747әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған. Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген.

 

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Осы RSS каналға жазылу