Super User

Super User

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл Шымкентте «Шымкент жастар лигасы» жобасы екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы бұл шараға 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жастар арасындағы жарыс үш ай көлемінде спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен өтті. Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. Теңгені құрады. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды. Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды.. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік,  2022 жылдың 5 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 312-алтын, 271–күміс, 310–қола медаль жеңіп алған.

Тарқатып айтар болсақ, шымкенттік спортшылар жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 31–алтын, 9–күміс және 16-қола медальдарға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1-алтын, 1- күміс және 2-қола медальге ие болыпты. Сондай-ақ, рейтингтік Халықаралық турнирлерде спортшыларымыздың жетістігі орасан.
2022 жылдың 01-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул /Бразилия/ қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медаль (Рсалы Сабыржан еркін күрестен)  және 5 орынды  (Пернеш Шадияр еркін күрес) иеленді. Оқушылар арасында Франция мемлекетінде (Нормандия қаласы) спорттың 21 түрінен өткен Дүниежүзілік жазғы гимназиядаға Шымкент қаласынан 22 спортшы 11 спорт түрінен қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алыпты. 2022 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша  3-Еңбегі сіңірген спорт шебері, 27- халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 197 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

5 АЙДА 22 МЫҢ ШЫМКЕНТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту екенін айтқан Шымкент әкімі М.Әйтенов халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сандарды сөйлетсек, 2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құраған.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 6 004 адам қатысты, жоспар 17,9% орындалды.
Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, олар:
- 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;
- 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орынында оқыту;
- 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 127 адам.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
- 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
- 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
- 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
- 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
- 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
- 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
- 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
- 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
- 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
- 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

Ал 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған.

«Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т).

«Бақытты жанұя» орталығында 7062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 24 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Мемлекет басшысы білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында елімізде 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды міндеттеген. Оның оннан бір үлесі Шымкентке тиесілі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деген қала әкімі Мұрат Әйтенов биылғы жаңа оқу жылында 24 мектеп пайдалануға берілетінін мәлім етті.

Шымкентте білім сапасын арттырып, апаттық мектептерді жою және 3 ауысымдық мектептерді азайтуға бағытталған кешенді жұмыстың бүгінде 50 пайызға жуығы орындалып үлгерген.

«Тапсырмаға сәйкес Шымкент қаласында өткен жылы 25 мектеп пайдалануға берілсе, 2022 жылы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 11 703 орындықты 24 мектеп пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке дейін, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азаяды. 2023 жылы қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі, - деді қала басшысы М.Әйтенов.

Сонымен бірге, қалада заманауи 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес 75015  орынға арналған 77 мектеп салу жоспарланғанған еді. Оның 54-і мемлекет есебінен, 4-уі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, ал 19 мектеп жеке инвесторлар есебінен бой көтермек.

Құрылысы жүріп жатқан 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді. Ал, бюджет есебінен биыл 5 мектептің жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Жаңа нысандар пайдалануға берілген тұста қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер және мектебі жоқ шағын аудандар мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын (дефицит) 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау туралы да мәлімдеді.

 

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылы 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсету жоспарланған. 
- 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
- 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру.

Әкімнің айтуынша, қаладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына 13,3 млрд.теңге қарастырылған. Бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген.

Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 944 млн.теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн.теңгеге 19 жоба қаржыландырылды.

Сонымен бірге, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қолжеткізуі үшін«Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн.теңгеге дейін 6 пайыздық несие беріледі. Жыл басынан бері 86 жоба қолдау тапқан.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 24 мыңнан астам кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілуде.

2022 жылжың сәуір айында мемлекеттік қайтарымсыз  гранттың бірінші легіне (поток) 400-ден астам өтінім келіп түскен. Оның ішінде комиссия қаралымына 336 - сы жолданған. Өз кезегінде комиссия 226 адамның бизнес жоспарын мақұлдаған.

110-ны кері қайтарылды. Оң нәтиже алған 36-сы жастар санатынан болса, ал 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар.

Олар 400 АЕК дейінгі мөлшерде қаржы алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Айта кетейік, былтыр мемлекеттік қолдаудың бұл түрі – 200 АЕК мөлшеріндегі қаржы еді.

Осы RSS каналға жазылу