Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау туралы да мәлімдеді.

 

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылы 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсету жоспарланған. 
- 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
- 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру.

Әкімнің айтуынша, қаладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына 13,3 млрд.теңге қарастырылған. Бүгінде 4,1 млрд. теңгеге 1 830 жобаға қолдау көрсетілген.

Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 74 жобаға 1,1 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 944 млн.теңге бағытталып, бүгінде 183,4 млн.теңгеге 19 жоба қаржыландырылды.

Сонымен бірге, кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қолжеткізуі үшін«Shymkent–Atameken» микроқаржы ұйымы арқылы кәсіпкерлерге 25 млн.теңгеге дейін 6 пайыздық несие беріледі. Жыл басынан бері 86 жоба қолдау тапқан.

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 24 мыңнан астам кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға байланысты қолдау көрсетілуде.

2022 жылжың сәуір айында мемлекеттік қайтарымсыз  гранттың бірінші легіне (поток) 400-ден астам өтінім келіп түскен. Оның ішінде комиссия қаралымына 336 - сы жолданған. Өз кезегінде комиссия 226 адамның бизнес жоспарын мақұлдаған.

110-ны кері қайтарылды. Оң нәтиже алған 36-сы жастар санатынан болса, ал 157-сі халықтың әлеуметтік осал тобына жататындар.

Олар 400 АЕК дейінгі мөлшерде қаржы алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Айта кетейік, былтыр мемлекеттік қолдаудың бұл түрі – 200 АЕК мөлшеріндегі қаржы еді.

ШЫМКЕНТТЕГІ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту қолға алынуда. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде баяндады.

Бүгінгі таңға аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 21 жобаға 23 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1500-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. Жалпы ауыл шаруашылығы саласында биыл құны 11 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске асып, 369 жұмыс орны ашылады. Жобалар қайта өңдеу, өндірістік жылыжай кешені, сақтау қоймасы, тауарлы сүт фермасы мен құс шаруашылығын кеңейтетін болады.

Бағаны тұрақтандыру бағытында сауда-логистика аймағында 4 жаңа қойманың және 1 көтерме-тарату орталығының құрылысы жоспарлануда.

Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары бойынша тұрақтандыру қорына бюджет есебінен 7,7 млрд.теңге бөлініп, ірі сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілерге және бизнес субъектілеріне айналым қаражаты берілді.

Естеріңізге сала кетейкі, 2021 жылы да Шымкентте жұмыртқа, күнбағыс майы және құмшекер тауарларының бағасы біршама қымбаттаған еді. Мәселен, 1 санатты жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорынан «Шымкент құс» тауар өндірушісіне 200 млн теңге айналымға қарыз қаражат берілді. Өндіруші кәсіпорынның өнімдері  «Грамад», «Фиркан» сауда желілерінде 10 данасы 322 теңгеден сатылған.

Ал 2020 жылдың қазан айынан бастап күнбағыс майы 27,7%-ға қымбаттаған. Осы ретте 2021 жылы  өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысына жалпы 4,2 млрд теңге қаралған болатын. Яғни сауда нысандарға айналымға қарыз қаражат берілді. Атап айтқанда, «Фиркан» сауда желісіне (15 нысан) 300 млн теңге, «Turar» ЖШС-не 505 млн теңге, «Шымкент құс» ЖШС-не 200 млн теңге, «Грамад» сауда желісіне (4 нысан) 800 млн теңге, «Юпекс» ЖШС-не 500 млн теңге, «Hermes» ЖШС-не 28 млн теңге қарыз қаражаты берілген.

Сондай-ақ қала аумағының тығыз орналасқан аймақтарында әлеуметтік дүкендер ашу, сауда нысандарына мониторинг жүргізу, жәрмеңкелер ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ 50 КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкентте 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті.

«Бұл кәсіпорындар жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағында салынады. Бүгінгі таңда аймақта инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 50-ден астам ірі жоба іске аспақ. Оған 200 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді»,-деді әкім.

Бұдан бөлек, ел Презииденті шағын және орта бизнестің жалпы өнімдегі үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға көбейтуді тапсырған болатын. Қала әкімі осы мақсатта Шымкент қаласында тағы да бір «Стандарт» жеке индустриалды аймағы ашылатынын жеткізді. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118,9 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың ш.м дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың ш.м қойма алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Шымкент қаласы экономикаға тартылған инвестиция көлемінің өсімі бойынша республикада бірінші орында тұр. Биылғы жылдың 5 айында қалаға 131 миллиард 100 миллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға жоғары.  Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалар тағы бар. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылады.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 5 КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шымкент әкімі М.Әйтенов халықтың табысын арттыра түсу үшін өндіріс орындары санын арттыру жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

- Бұл бағытта биыл 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестиция көлемі 52,3 млрд. теңгені құрап, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жоспарланған 5 кәсіпорын іске қосылды.

✔️ «KAZALPACK» компаниясы.

✔️ «DALA CONSTRUCTION» компаниясы.

✔️ "ЦВЕТЛИТ" КОМПАНИЯСЫ.

✔️ "ЭКО-ФАРМА" ЖШС.

✔️ «MEGA SMART B2B» компаниясы.

«Осылардың ішінде Орталық Азияда теңдесі жоқ «KazAlPack» ЖШС «Алюминий банкілерінің өндірісі» жобасын атап өткім келеді. Жоба құны 23,4 млрд. теңгені құрайды. Жаңадан 145 жұмыс орны ашылды. Онда жылына 500 млн. дана алюминий банкілерін шығару жоспарлануда. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60%-ын алмастырады», - деді әкім.

Сондай-ақ жоспарланған жобалардың ішінде қала экономикасына маңызды жобалардың бірі ретінде «Standard Steel KZ» ЖШС түсті металл концентраттарын алу зауыты (мыс, қорғасын, цинк, алтын) жобасы бар. Аталған жобаның құны 8,5 млрд теңге. Жоба аясында 250 жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Бұл – қала үшін маңызды. Себебі бұрынғы қорғасын зауыты аумағындағы қорғасын қалдықтары тазартылып, қаланың экологиясына оң әсер ететін болады»,-деді қала әкімі.

Жалпы қаладағы 4 индустриялды аймақта 185,3 млрд.теңгеге 130 жоба іске асырылып, 8,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.Өңірде жыл соңына дейін 538 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. Бұл көрсеткішке 2022-2025 жылдары қалада жүзеге асырылатын құны 2,6 трлн. теңге құрайтын 242 инвестициялық жобалардығ үлесі әсер етпек. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі саласында құны 550 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба іске асырылады деген жоспар бар.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Осы RSS каналға жазылу