Дүйсенбі, 26 Ақпан 2024 12:23

Түркістанда дзюдодан ел чемпионаты өтуде

Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан барлығы 820 жас татами шебері қатысуда.

Елішілік додада спортшылар 8 салмақ дәрежесінде белдесуде. Жарыстың алғашқы күнінде ұлдар 50, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынаса, қыздар 40,44 және 48 келі салмақ дәрежелерінде өзара шеберліктерін байқайды.

Жарыстың алғашқы күнінде Түркістан облысының қоржынына 2 алтын медаль түсті. Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сарыағаштың тумасы Сымбат Тағай мен ұлдар арасында 55 келіге дейінгі салмақта белдескен жерлесіміз Ернұр Батырғали алтын медальдің иесі атанып, мерейлері үстем болды.

Дзюдо бәсекесі 27 ақпанға дейін жалғасады. Қазақстан чемпионатының нәтижесінде үздіктер іріктеліп, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 898 рет