Сейсенбі, 16 Қазан 2018 22:02

Түркістан облысы: грек-рим күресінен шардаралық балуандар облыста топ жарды

Шардара топырағында тұңғыш рет өте жоғары деңгейде "Астана қаласының 20 жылдығына" арналған Грек-рим күресінен 2002-2004 және 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. 

Облыстық сайысқа Шымкент қаласы, Шымкент қалалық жастар спорт клубы, Сайрам, Сарыағаш, Қазығұрт, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан 18-ге жуық команда, соның ішінде 170-ке тарта спортшы бақ сынасты. Тартысты әрі қызықты өткен балуандар сайысында Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ спортшылары жүлделі IIIалтын, IIIкүміс, IIқола медальдарды иемденіп, командалық есепте Iорынды абыроймен ұтты. Толығырақ айтар болсақ, 24 келі салмақта Ерсұлтан Салман IIорынды, 27 келі салмақта Ержігіт Мырзабай IIорынды, 48 келі салмақта Бөгенбай Ордабек IIIорынды, 48 келі салмақта Мансұр Қадір Iорынды, 51 келі салмақта Дінмұхаммед Байділда Iорынды, 80 келі салмақта Мұхтархан Керейхан IIIорынды, 92 келі салмақта Жансерік Нұралы IIорынды, 110 келі салмақта Әлимардан Анваров Iорынды жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Iорын Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-ға (Шардара), IIорын Шымкент қалалық жастар спорт клубына, IIIорын №1 БЖСМ-ға (Жетісай) бұйырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1152 рет