Сенбі, 22 Маусым 2024 20:04

Отырар ауданында кіші футболдан турнир өтті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ел азаматтарының спортқа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді.

Мәселен, қазір әлемдік деңгейде кеңінен тарап келе жатқан спорттың бірі шағын футбол ойындары. Спорттың бұл түрі бойынша халықаралық деңгейден бастап, облыстық, аудандық деңгейдегі біріншіліктер өтіп келеді. Мұны спорттық іс-шара ғана емес достық қарым-қатынасты қалыптастырып, татулық пен ынтымақтастықты арттыратын жарыс деп те айтуға әбден болады.

Осы мақсатта бүгін «Қарғалы ауыл округі әкімінің кубогі» үшін жастар арасында кіші футболдан ауыл округінің біріншілігі өтті. Спорттық шараның мақсаты елімізде бұқаралық спортты дамыту, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, достық қарым-қатынасты нығайту болды.

М.Шойманов жабық спорттық-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Ә.Елеусізов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ауданда салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған спорттық іс-шараға атсалысқан азаматтарға шынайы алғысын айтты.

Одан әрі мемлекеттік Әнұран орындалып, командалар арасында тартысты ойын басталып кетті. Турнир соңында жарысқа қатысқан командалардың ішінен үздік ойын өрнегін көрсеткен азаматтар марапатталып, жеңімпаз атанғандар арнайы жүлделерге ие болды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 576 рет