Сәрсенбі, 24 Шілде 2024 18:48

Спорттық инфрақұрылымның дамуы шымкенттіктерге спортпен айналысуға қолайлы жағдай туғызып отыр

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіның таратқан мәліметі осындай.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. 

 

Бұл ретте тұрғындардың да белсенділік танытуы маңызды. Ол үшін ең алдымен мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуы керек.

Бүгінде Шымкентте дене шынықтыру мен бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ден қойылған. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында серуендеу алаңдары мен түрлі орталықтар пайдалануға берілуде. Саябақтар мен қоғамдық орындар да азаматтардың жаттығу жасап, дене шынықтыруына қолайлы жасалуда. 

Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша жүгіру және веложолы бар жаңа серуендеу алаңы пайдалануға берілді. Жол бойында бірнеше жаттығу алаңдары салынған. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Қазір Нұрсәт шағынауданында, қала әкімдігінің жанындағы саябақта тағы бір жүгіру жолы салынуда. 

Айта кетейік, Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 97 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Қазіргі таңда мегаполисте 33 спорт ұйымында 74 спорт түрі дамып келеді.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін «SPORT LIFE» шағын футбол орталығын және үш спорт залы бар «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде үшінші мега­по­лис­те 33 спорттық ұйым жұ­мыс істеп тұр. Оның 16-ы ба­лалар-жасөспірімдердің және біреуі мүгедектігі бар адамдарға ар­налған спорт мектебі. Одан бө­лек, жоғары спорт ше­бер­лі­гі­не арналған, Олимпиада ре­зер­він даярлау орталығы, кәсіби спорт клубы, су-спорт кешені мен мемлекеттік жеке әріп­тес­тік аясындағы спорт нысандары бар. Аталған мекемелерде спорт­­тың 74 түрі дамытылып ке­­леді. Оның 37-і олим­пиа­да­лық, 28-і олимпиадалық емес жә­не 9 ұлттық спорт түрлері. Сон­дай-ақ 18 490 спортшы оқу-жаттығу сабақтарын жүр­гізіп жатыр. 

 

Оқылды 408 рет