Жұма, 23 Тамыз 2024 18:53

Түркістандық оқушылар «Мектеп лигасында» жеңімпаздар қатарынан көріне білді

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «Мектеп лигасы» аясындағы футбол жарысында Түркістан қаласындағы Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары биіктен көрініп, жеңімпаздар қатарынан түспей келеді.

Нақтырақ айтсақ, облыс көлемінде қатарынан үш рет жеңімпаз атанған жасөспірімдер Республикалық турнирде екі рет жүлдегер атанған. Жас футболшылар биыл да жетістіктерін қайталап, түркістандықтардың мерейін үстем етті.

Қызылорда қаласында өткен Республикалық финалдық турнирде Түркістан облысының намысын қорғаған Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің командасы топ жарып, ІІІ орынды жеңіп алды. Осылайша республика көлемінде қатарластарының алды екендігін кезекті рет дәлелдеп, бапкерлері, мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ербол Танкишев және Динислам Ташметовтардан зор тәлім алғандықтарын көрсетті.

Расында, оқушылардың мұндай жетістікке жетуінде аталған педагогтардың еңбектері зор екендігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, оқушылардың осындай жарысқа қатысуларына, жүлдегер атануларына барлық жағдайды жасай білген мектеп директоры Алтынбек Маханбетұлы мен мектеп әкімшілігіне Түркістан қаласы білім бөлімінің басшылығы зор алғыстарын білдірді.

Дені сау азамат – мемлекеттің ең бағалы капиталы. Кез-келген елдің болашағы - оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал, біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, оларың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру біздің яғни, мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің – басты міндеті.

Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Сондықтан дене шынықтыру пәнінің мақсаты – оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру,т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау. Күнделікті «денсаулық сағатын» өткізу балалардың қозғалыс белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтады, денесінің шынығу деңгейін көтереді. Әсіресе ақыл-ойына, мидың қабылдау процесіне әсер етеді. Демек мидың белгілі бір уақытта тынығуына жағдай жасайды.

Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгертудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш – қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп-бүгілгіштігін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ оқушы өз қимыл-қозғалысын соған сәйкес музыка ырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін дамытуға пайдасын тигізеді.

Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өзара тығыз байланысты. Балалар өмірінде оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан-дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми дәлелденген.

Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.

Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

•  оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
•  спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
•  негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді. Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.

Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі. Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.

Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.

Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.

Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады. Оның нұсқаулары:

•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;

•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;

•  арақ ішпе, темекі тартпа;

•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;

•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;

•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;

•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;

•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;

•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;

•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;

•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;

•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".

Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

Оқушылардың дене тәрбиесі формалары бойынша әр түрлі. Бұл таңғы гигиеналық гимнастика, сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысындағы денешынықтыру минуттары мен денешынықтыру үзілістері, ұзартылған күн тобындағы спорт сағаты, сыныптан тыс және мектептен тыс сауықтыру шаралары (серуендер, экскурсиялар, жорықтар), дене жаттығуларымен өздігінше шұғылданулар. Бірақ, сонда да болса, негізгі дене тәрбиесі оның өзіне арналған арнайы сабақтары болып қала береді.

Сабақта сауықтыру, тәрбие және білім беру міндеттері бірге қарастырылуы керек. Сабақ бағдарламалары гмнастика, жеңіл атлетика (жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, гранат лақтыру, ядро серпу), шаңғымен даярлану және спорт ойындары секілді циклдар кезегі негізінде құрылады. Денешынықтыру сабақтары ұзақтығы 35–45 минуттан аптасына кем дегенде екі рет өткізілуі тиіс. Мамандар оларды оқу кестесіне статикалық және интеллектуальдық ширығуларды қажет ететін сабақтармен кезектестіре отырып дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ендіруді ұсынады.

Сабақтар ашық ауада өткені дұрыс. Денешынықтыру бойынша екі түрлі сабақты біріктіріп өткізуге (жүзу мен су шаңғысынан басқасын) болмайды. Бұл сабаққа оқушылар спорттық киімдері мен спорттық аяқ киімдері болған жағдайда ғана қатыса алады. Сабақ ашық ауада өтетін кезде үстіге және аяққа  киетін киімдер ауа-райының жағдайына сәйкес болуы тиіс. Сабақтың қимыл-қозғалыстық сипаты – оқушы қимыл-әрекеттерді орындауға жұсайтын уақыт арақатынасы. Сабақтардың жалпы ұзақтығына шаққанда залда өтетіндері 70 %-дан, ашық ауада өтетіндері – 80 %-дан кем мөлшерде болмауы шарт. Дене жаттығулары жүрек соғысының жиілігі орта есеппен минутына 140–160 реттік деңгей мөлшерінде болғанда ғана оңды нәтиже береді.

Сабақ өзінің құрылы бойынша 3 бөлімнен тұрады – кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер. Кіріспе бөлімнің ұзақтығы – 5–10 минут, бұл бөлімнен кейін жүрек соғысының жиілігі тиісті деңгейдің 25–30 %-ын құрайды. Сабақтың негізгі бөлімі 25–30 минутқа созылады, мұнда жүрек соғысы жиілігінің деңгейі 80–100 %-ға жетеді. Қорытынды бөлімнің ұзақтығы – 3–5 минут.  Сабақ аяқталған кезде немесе үзіліс сәтіндегі 3–4 минут ішінде жүрек соғысы өзінің бұрынғы қалпына келеді. Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтары орта есеппен тәуліктік белсенді қимыл-қозғалысты уақытқа шаққанда оның 16–37 %-ын құрауы тиіс. Ал қалған дене қызметі түрлері (таңертеңгі гимнастика, мектептен тыс шұғылдану және т. б.) – 49–50 % -ын құрауы керек. Бұл гипокинезияның алдын алуға жеткілікті жағдай. Табиғат аясында табиғи факторлар (күн, ауа) арқылы шынығуды қолдау мақсатында ашық спорт құрылғыларында шұғылдану тәсіліне басым сипат беріледі.

Ашық ауада шұғылданған кезде ауа-райының температурасы ескеріліп отыруы шарт. Мәселен, салқын мезгілдері 1–2-сыныпта оқитын балалар үшін бұл мөлшер – 8ºС; 3–4-сыныптықтар үшін – 10ºС; 5–7-сынып балалары үшін – 12ºС; жоғары сынып оқушылары үшін – 15ºС мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Мектеп кестесіндегі дене тәрбиесі сабағын өткізетін уақыттың да белгілі бір өзіндік мәні бар. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл сабақтарды дербес тәуліктік биоритмге сәйкес оқушы организмінде биологиялық белсенділік күшейген сәттерде өткізген оңтайлы болады. Бұл бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін – сағат 10–12, екінші ауысымдағылар үшін – 15–18 мерзімі аралықтары. Денешынықтыру сабақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай жөндемді ойын жабдықтары мен спорт инвентарларын қолдану керек. Олардың қауіпсіздігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен куәландырылуы тиіс. Стационарлық спорт жабдықтары сенімді түрде бекітілген болуы және балалардың жас мөлшері мен бойларына сәйкес келуі қажет.

Сабақта денсаулыққа зиян кетіруі мүмкін деп есептелетін дене жаттығулары қолданылмауы тиіс. Атап айтқанда: омыртқаның вертикаль осі бойынша басқа қысым түсіру; бас пен мойынды алға, артқа, екі жанға қарай тым қатты қисайта қимылдау; қолды алға немесе екі жанға қарай соза құлау; дененің соққы алуы: бастың кез келген тұсынан ұру, қолды бастан асырып ұзақ уақыт жүру және т. б. Денешынықтыру сабағы қызықты, оңды эмоциялар тудыратын жағдайда ғана жақсы нәтиже береді, пайдалы болады. Жыл бойы ашық ауада өтетін сабақтардың сауықтыру жөніндегі тиімділігі жоғары болатыны атап көсетіліп жүр.

Таза ауада шынығатын топтардың балалары залда жаттығатын құрдастарымен салыстырғанда оқу күні және оқу аптасы аяғында шаршамайтын көрінеді. Ал оқу жылының аяғында бірқатар физиологиялық көрсеткіштер, соның ішінде инфекцияға қарсы тұрарлық қабілет далада шынығатын балаларда жоғары болады екен. Олардың арасында аурулығы жөнінен сабақтан қалу жағдайлары аз ұшырасады, үлгірімі де салыстырмалы түрде алғанда жоғары.

Денешынықтыру сабақтарының бәрін болмаса да, бірсыпырасын ашық ауада өткізуді ұйымдастыру пәлендей қиын шаруа емес. Бұған қоса, әрине, мектеп ережесі бойынша регламенттелген дене тәрбиесінің формаларын да міндетті түрде қолдану қажет. Атап айтқанда: кіріспелік гимнастика (сабаққа дейінгі), сабақ үстіндегі денешынықтыру сәттері, үзіліс кезінде бірлесіп өткізетін қозғалысты ойындар. Көптеген мектептерде мұның бәрі қалай болса солай, формальді түрде өткізіледі. Ондай сабақтардан, әрине, пайда аз. Балалар денешынықтырумен жыл бойы күн сайын шұғылдануы тиіс. Қозғалысты ойындар ұйымдастыруға әсіресе жазғы демалыс кезінде көп мүмкіндіктер болады. Бірақ, балалардың өздері бос уақыттарын пайдаланып денешынықтырумен көбірек шұғылданады деуге болмайды, пионер лагерлерінде, әрбір үй алаңдарында оларды денешынықтыру және спорт шараларына тарта білуі қажет.

Спорт алаңдарында сабақ өткізу орыны қандай болу керек дегенге тоқталып өтейік. Денешынықтыру-спорт зонасы мекеме ғимаратынан кем дегенде 25 метр қашықтықта, көкөніс алаңының сыртына жайғастырылады. Оны оқу орын-жайларының терезе жақ тұсынан орналастыруға болмайды. Бастауыш сынып балаларына гимнастика алаңы және онымен комбинацияланған спорт ойындарын өткізетін, доп тебетін және секіріп ойнайтын алаң жабдықталады. Спорт ойындары алаңы қатты төсеніш салынған, беті тегіс, шұқыр-шұқанақсыз болуы шарт. Спорт зонасының жабдықтары дене тәрбиесі бойынша білім беру бағдарламаларын орындауға және сауықтыру шараларын өткізуге ыңғайлы болуы шарт. Спорт зонасы мектеп учаскесінің 35–40 %-ын қамтиды және ол сол аудандағы мектеп оқушыларының, балалар мен жастардың денешынықтыру-спорт жұмыстарын жүргізулеріне арналады.

Оның құрамына сабақ өткізетін мынадай алаңшалар енеді: жеңіл атлетика алаңшасы (4900 шаршы метр); –   гимнастика алаңшасы (600 шаршы метр); спорт ойындарына (қол добы, баскетбол, волейбол, футбол) арналған алаңша; жеңіл атлетикалық снарядтарға арналған алаңша (295 шаршы метр). Бұған қоса стол теннисі алаңшасын (160 шаршы метр), төменгі сынып оқушыларына арналған комбинацияланған ойын алаңшасын (480 шаршы метр) және орта және жоғары сыныптар үшін осындай алаңша (540 шаршы метр) жасақтауға болады. Ашық жерге орналастырылған арнайы құрылғылары бар спорт алаңдарының бетіне тегіс етіп аяқ тайғанамайтын төсеніш салынады. Ол ойын кезінде өзінің қалпын жоғалтпайтын, шаң шығармайтын және механикалық жарақаттарға әкеліп соқтырмайтындай болуы тиіс.

Спорт газоны. Оның беткі шөптесін қабаты қалың, суыққа да, аяқтың таптауына да төзімді, жиі қырқып тегістеп отыруға болатын, құрғаққа да, жаңбырға да шыдамды болуы қажет. Тениис, городки ойнауға, диск, тоқпақ және найза лақтыруға арналған алаңшалар қоршалады. Снаряд лақтыру жаттығулары (найза, тоқпақ, диск) алдынала сақтық шараларын ойластыра отырып жүргізіледі. Бұл шаралар снарядтардың алаңнан тыс, адамдар жүретін жаққа түспеуін қамтамасыз ететін болуы шарт.

Секіруге арналған шұқыршалар ернеулеріне дейін құммен немесе ағаш үгінділерімен толтырылуы тиіс. Секіру алдында құм босатылып, тегістеледі. Шұқыршаның белдеу қабырғалары (алдыңғысынан бөлек) резинамен немесе брезентпен қапталып, жұмсақ болуы үшін арасына мамық нәрселер салынады. Кері серпетін кеспекті жүгіріс жолының тура тұсынан қазып бекітеді. Жүгіру жолдары ойын алаңын айналдыра жүргізіледі. Алаң мен жолдардың жақсы дренажы болуы шарт. Асфальт төселген болса айрықша аяқ киім кию керек. Табанның ұсақ қан тамырлары мен жұмсақ еттері зақымданбас үшін алдынала мұқият жеңіл жаттығулар жасау қажет. Спорт зонасында ашық жүзу бассейнін жобалауға рұқсат етіледі. Бұл зонаның жабдықтары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және педагогикалық, гигиеналық талаптарға жауап беретіндей болуы шарт. Зонаның барлық алаңшалары бір-бірінен қоршаулар арқылы бөлектенгені дұрыс. Ашық жерде орналастырылған спорт ғимараттарының спортшыларға арналған қосалқы орын-жайлары болуы тиіс (ұлдар мен қыздарға арналған тұрмыстық бөлмелер, әкімшілік-шаруашылық бөлмелері және т. б.).

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 10 рет