Түркістан облысының орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтіп жатыр. «Түркістан Арена» орталық стадионында чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Александр Чистяков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 4 күнге созылатын жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 22 ер және 12 әйел құрама командасы жүлделі орындарға таласады. Сондай-ақ Түркістан төріндегі жарысқа қатысып, өз күштерін сынап көру үшін Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының спортшылары арнайы келді. Жалпы 340 спортшы қатысып жатыр. Ашылу салтанатынан кейін жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша финалдық сын өтті. Бұл сайыс күш пен ептілікті талап етеді. Өйткені кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет. Жүгіріп бара жатып, 2 метрлік қоршаудан өту, бөрене арқылы жүгіру секілді бірнеше элементті қамтиды. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен өзге де жарыстар өтеді. Сонымен бірге сатымен екінші және төртінші қабаттарға көтеруден де сынға түсуде. Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар мынадай нәтижелерді көрсетті:
«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында командалық есепте орындар:
Ерлер арасында:
1 орын-Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы
Әйелдер арасында:
1 орын-Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын-Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын-Қостанай облысы ТЖД құрама командасы Жеке біріншіліктегі орындар:
Ерлер арасында:
1 орын-14,14 секунд нәтижесімен Буторин Николай, ШҚО
2 орын-14,4 секунд нәтижесімен Қайсарбеков Жасұлан, СҚО
3 орын – 16,45 секунд нәтижесімен Мұхамедали Асхат, Ақмола облысы
Әйелдер арасында:
1 орын - 07,72 секунд нәтижесімен Подгородецкая Кристина, Астана қаласы
2 орын-08,73 секунд нәтижесімен Юсупова Майсара, Өзбекстан Республикасы
3 орын - 09,08 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы
10 қазан күні «Түркістан арена» стадионында чемпионаттардың екінші кезеңі 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жалғасты.
Шымкент қаласынан ересек қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынды иеленді. Құрамада: Саблина Наталья, Алихан Аделя, Хайрулина Валерия, Избасарова Луиза, Боровская Дарья, Салмина Валентина, Верясова Алёна.
Ал эстафеталық 4х100 метрлік жүгіруде 1-орынды жеңіп алды. Құрамада: Алихан Аделя, Саблина Наталья, Салмина Валентина бар.