Жексенбі, 13 Қазан 2024 16:33

Шымкенттік спортшы-оқушылар Жайылмадағы турнирде топ жарды

Жамбыл облысы, Жайылма ауылында 11-13 қазан аралығында  Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Б. Тоғызақпайұлын еске алуға арналған Х-шы Республикалық турнир өтті.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары аталмыш жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ,

Әбжапар Н. (42 кг) 1-орынды иеленді.
Есім Е. (65 кг) 3-орынды місе тұтты.
Әбдібек С. (55 кг) 3-орынннан көрінді.
Мадиярұлы Н. (55 кг) 3-орынға жайғастты,
Мұратбек А. (55 кг) 3-орынды иеленді. Жаттықтырушылары: Истибаев Ә.
Есенбаев Е.

Айта кетейік, Бөрібек Тоғызақбайұлы 1936 жылы ақпан айының 25 жұлдызында Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы бұрынғы Ленин атындағы осы күнгі  Жайылма ауылында дүниеге келген.   Каганович атындағы орта мектепті бітірген соң Байқадам ауылындағы кәсіптік-техникалық училищеде оқып, жүргізуші мамандығын алып шығады. Бөрібек Тоғызақбаев алғашқы еңбек жолын 1957 жылы өзі туып өскен Калинин атындағы кеңшарда жүргізуші болып бастайды. Өкінішке орай, жарқырап, жанып келе жатқанда бақилық болды. Бұл күнде соңында қалған ұрпағы, бәйтерегі жайқалып, әкесінің атағын аспандатты. Әуелеткені сол ұлы Жеңіс меценаттық танытып туған ауылында 40 миллион теңгеге спорт кешенін салып, оны мемлекет меншігіне өткізді. Міне,содан бері осы мекемеде түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Оқылды 40 рет