Сейсенбі, 08 Қазан 2024 11:41

Қорғанудың ұлттық өнері - Қазақ күресі

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 41 елдің 274 спортшысы 8 салмақ дәрежесінде бәсекеге түскен «Қазақ күресі» туралы жаздық.    

 

Қазақ күресі. Шымкенттік спортылар: Мұзаппаров Ерсұлтан, Қожамбеков Жұмажан, Файзолланова Зәмзәгүл, Бакиева  Альбина өнер көрсетті. 

Көшпенділер ойындары аясында өткен қазақ күресінде сегіз салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Жарысқа келген 90-ға жуық елдің 41-і қазақ күресіне қатысатын балуандар баптап әкелген. 

Қазақ күресінен ел құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 14 медальмен аяқтады. 16 салмақ дәрежесі бойынша балуандар бәсекесінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Күрес қолмен аяқтан ұстамай, тік тұрып жүргізіледі. Жерде немесе жатып күресуге болмайды. Қазақ күресінде ерікті түрде киімнен, белбе- уден, қол мен денеден бір немесе екі қолмен ұстап, лақтыруға болады.

Команда құрамында: 8 ер, 8 әйел, 2 бапкер, 1 төреші.

Күрестің ұзақтығы:

Ерлер арасында – 5 минут, белдесу – 1 минут.

Әйелдер арасында – 4 минут, белдесу – 1 минут.

Ерлер: +18 жас 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келігеидейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін.

Әйелдер арасында +18 жас: 48 келіге дейін, 52 келіге, 56 келіге дейін, 60 келіге дейін, 65 келіге дейін, 70 келіге дейін, 77 келіге дейін, +77 келі.

Жарыстар Qazaq Kuresi Қауымдастығының ережелері бойынша өткізіледі.

Қазақ күресі ролл-матының өлшемі оның қауіпсіздік аймағын қосқан- да 12х12 м. Балуандар күресетін алаңның ауданы кілемнің ортасынан алынған радиуста 4,5 м және диаметрі 9 м. Жалпы ауданы – 144 ш.м (пішіні Qazaq Kuresi қауымдастығының келісіміне сәйкес өзгеруі мүмкін).

 

Оқылды 14 рет