Іс-шараның мақсаты - саламатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау. Аудан мектептері арасында өзара ынтымақтастықты арттыру.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз. Сондықтан мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөлуде, яғни балалардың жастайынан алаңсыз спортпен шұғылдануына қажетті жағдайды жасап жатыр. Еліміздің аймақтарында 20 мыңнан астам спорт алаңдары жұмыс істеп тұр, 16 мыңнан аса арнайы кешендер мен залдар бар. Осы нысандардың барлығы толыққанды қызмет етуге тиіс және спортпен айналысамын деген әрбір адамға қолжетімді болуы керек.
Турнирге аудан аумағындағы 20-ға жуық мектеп командалары қатысуда. Биылғы дәстүрлі сайыста қатысушылардың қатары артып отыр. Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Ал, жеңімпаз командаларға аудан әкімінің арнайы кубогі және жүлде қорлары табысталады. Аудан әкімі турнир қатысушыларына алғысын білдіріп, аталған бағыттағы іс-шара жалғасын табатынын атап өтті. Айта кетсек, жарыс жеңімпаздары бүгін анықталады.