Сәрсенбі, 31 Қазан 2018 10:40

Түркістан облысындағы бокс спортын дамытуды еліміздің бас бапкері қолға алмақ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановты қабылдады. Екеуара әңгімеде Мырзағали Құланұлы өңір басшысына ел құрамасының қазіргі уақытта атқарып отырған жұмысы мен Түркістан облысында бокс спорт түрінің дамуы туралы баяндады.

Сонымен бірге, ол өзінің атқарып отырған жұмысын алдағы уақытта Түркістан облысымен байланыстырып, ары қарай жалғастыратынын, сондай-ақ, Түркістан облысында бокс спортының жан-жақты дамуына қолдау білдіретінін мәлімдеді. «Мен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы Сайрам ауданының тумасымын. Яғни, осы облыстың тумасы ретінде аянбай еңбек етуім керек. Осы уақытқа дейін жинаған бар мүмкіндігімді, тәжірбиемді облыстағы бокс спортына ден қойған жастар мен жасөспірімдерге бағыттап, перзенттік парызымды орындағым келеді»,- деді М.Айтжанов. 

Сұхбат барысында облыс басшысы еліміздің бас жаттықтырушысына азаматтық жасағаны үшін шынайы алғысын айтып, алдағы уақыттағы жоспарларына жан-жақты қолдау білдіретінін, сондай-ақ облыстағы дене шынықтыру және спорт саласын күнделікті бақылауда ұстайтынын жеткізді. Кездесу соңында, өңір басшысы кездесуге қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшының міндетін атқарушы А.Бердашевқа Елбасының Жолдауында көрсетілген дене шынықтыру және спорт саласына қатысты бағыттар бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 1006 рет