Сенбі, 16 Қараша 2024 16:48

Шымкенттік спортшылар тоғызқұмалақтан VII Әлем чемпионатында 5 медальді қанжығаларына байлады

Анкарада тоғызқұмалақтан VII Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, жарысқа 14 елден 100-ге жуық спортшы қатысты.

Әлем чемпионатында тоғызқұмалақтан үздіктер қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания, Франция, Чехия, Украина, Грузия, Венгрия және АҚШ сынды елдердің өкілдері арасынан анықталды.

Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта айрықша жетістіктерге жетті. 

VII Әлем чемпионатында еліміздің намысын жарыстың классика түрінен – Бостандықов Бексұлтан (ХДСШ), Асылхан Қожанәсіп (ХДСШ), Мөлдір Серікқызы (ХДСШ), Далиева Әсел (ҚРЕССШ), рапид түрінен – Темірбаев Ғалымжан (ҚРЕССШ), Ерасыл Ауталипов (ҚР СШ), Далиева Әсел (ҚРЕССШ), Аяна Исахан (ҚР СШ), блиц түрінен – Асет Қайыржанов (ҚРЕССШ,), Жарасхан Сагинбаев (ХДСШ), Намаз Ақбота (ҚР СШ), Салман Аружан (ҚР СШ) қорғады. 

Шымкент қаласының атынан қатысқан Темірбаев Ғалымжан рапид жүйесі бойынша алтын медаль иеленсе, блиц жүйесінде Салтанат Сапарбекова жеңіс тұғырынан көрініп, елімізге тағы бір алтын жүлде сыйлады. Сонымен қатар, түркінің дәстүрлі спорты мангаладан Айкерім Қуанышбекова 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

 

Оқылды 26 рет