Жексенбі, 17 Қараша 2024 23:39

Шымкенттік теннисшілер Өскеменде тамаша жетістікке жетті

Өскеменде 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған жарыста еліміздің 17 облысынан 250-ден астам спортшы бақ сынады.

Шымкент құрама командасының спортшылары тамаша жетістікке қол жеткізді. Атап айтар болсақ, командалық есепте:

1- орын Шымкент ұлдар командасы (Сәурбай Бақдәулет, Курбантаев Мухаммадали, Қасым Нұрислам, Моминжанов Атхамбек, Болатбек Мерей);

ұлдар жұптық разряд:

1- орын Қасым Нұрислам;

2- орын Курбантаев Мухаммадали;

қыздар жұптық разряд:

2- орын Амангелді Ақниет;

ұлдар жекелей есепте:

2- орын Қасым Нұрислам;

3- орын Курбантаев Мухаммадали;

аралас жұптық разряд:

3- орын Сәурбай Бақдәулет;

3- орын Курбантаев Мухаммадали;

 Спортшылар мен жаттықтырушыларды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Айта кетейік, жарыс 2024 жылдың 11-17 қараша аралығында өтті. 

Біле жүріңіз! Үстел теннисі – әлемде кең тараған спорт түрі. Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін үстел теннисі 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындары бағдарламасына енген. Ал Паралимпиадалық ойындарға 1960 жылы-ақ кіргізілген еді. Қазақстан үстел теннис федерациясы 1993 жылы құрылды.

Қазақстанда алғаш рет 1952 жылы Өскемен қаласында пайда болып, әуесқойлар арасында алғашқы турнирлер өткізілген.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда үстел теннисімен 160 мың адам айналысады. Оның ішінде жеті мыңға жуығы тұрақты түрде шұғылданады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқушы кезінде үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер атанған. Кейін екі жылдай республикалық федерацияны басқарып, спортшыларымыздың әлемдік рейтингте үздіктердің қатарынан көрінуіне үлес қосты. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама үстел теннисінің нағыз шебері болған. Бұл тізімде әлемдік футбол ойынының жарық жұлдызы Криштиану Роналдудың да есімі бар. Тіпті кәсіби боксшылардың өзі осы ойын арқылы шапшаң қимылдау тәсілдерін жетілдіріп отырады екен.

Оқылды 19 рет