Қала басшысы чемпиондарды шын жүректен құттықтап, олардың Қазақстанның абыройын әлемдік деңгейде лайықты қорғағанын атап өтті. Сондай-ақ, ІІМ құрама командасында тек Шымкент Полиция департаментінің өкілдері болғаны қала үшін үлкен мақтаныш екенін ерекше айтты.
Әкім спортшылардың өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстанудың және спортпен шұғылданудың маңыздылығын үлгі еткенін атап өтіп, оларға қызметтерінде жаңа жетістіктер мен табыстар тіледі. Сонымен қатар, алдағы уақытта да жүктелген міндеттерін адал орындайтындарына сенім білдірді.