Бұл дода Азия және әлем чемпионаттарына іріктеу мақсатында ұйымдастырылып, ТМД елдерінің үздік спортшылары бақ сынаған беделді жарыс болды. Жас спортшының осы дәрежеге жетуінде оның жаттықтырушысы Шахзод Камомовтың еңбегі орасан зор. Жаттықтырушының кәсіби біліктілігі мен шеберлігі жас таланттарды тәрбиелеп, олардың биік белестерді бағындыруына үлкен үлес қосып келеді.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев жас чемпион мен оның жаттықтырушысын жеке қабылдап, алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар, олардың осы үлкен жетістігін бағалап, сыйлықтармен марапаттады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» – ақпарат